Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысының әкімі: Ауруханалар қолайлы жағдай жасаудың орнына, ауруды ушықтыруда

Жамбылдықтар жедел жәрдем мен медициналық мекемелердің жұмысына, ауруханадағы төсек-орындары мен дәріханаларда дәрі-дәрмектің жетіспей жатқанына шағымдана бастаған. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мамандарға сауал тастап, мәселені шешуге кірісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұловтың айтуынша, стационарлық төсек-орындардың шамамен 50%-ы бос. Дәрігерлер аз болғандықтан, науқастарды қабылдауға физикалық тұрғыда уақыттары жетпейді, дейді Жұманқұлов.

Денсаулы сақтау басқармасының басшысына  Бердібек Сапарбаев қабылдау бөліміндегі дәрігерлер санын көбейтуді тапсырды.

"Адамдар ауруханаға келіп, жедел жәрдем бөлмесінде бірнеше сағат күтіп отырады, кезек күтеді. Науқастарға барлық қолайлы жағдай жасаудың орнына ауруханалар ауруды ушықтыруда. Жағдайды тез арада түзету қажет", - деді Бердібек Сапарбаев.

Тұрғындар ауруханаға жатқызылғаннан кейін де қажетті деңгейде көмек көрсетілмейтініне, дәрі-дәрмектер жетіспейтініне шағымданады.

«СК-Фармация» ЖШС өкілдігінің басшысы Айжан Тортаеваның айтуынша, пневмониямен ауыратын науқастардың көбеюіне байланысты жақында бір күн бұрын 25,3 миллион теңге көлемінде дәрі-дәрмектер мерзімінен бұрын жеткізілген. Ол медициналық ұйымдардың өтініші бойынша дәрі-дәрмектерді жеткізуді жалғастыра беретінін айтты. Марат Жұманқұловқа бұл мәселені бақылауда ұстау тапсырылды.

Бердібек Сапарбаев осындай қиын-қыстау кезеңде коронавирустық пандемияға қарсы күрес жүріп жатқан кезде, мұндай қателіктерге жол беруге болмайтынын айтты.

"Бас дәрігерлер, науқастарға барып, жағдайын сұрасын, кабинеттерінде отырмасын. Сонымен қатар, қиын жағдайларда олар азаматтардың денсаулығын сақтау үшін тез арада батыл шаралар қабылдауға міндетті. Жедел жәрдем қызметін шақырған науқастар бірнеше сағат күтеді. Мұны шұғыл медициналық көмек деп атауға бола ма? Жедел жәрдем жасақтарының санын көбейту және олардың жұмысын жүйелеу керек", - деді Бердібек Сапарбаев.

Бердібек Сапарбаев денсаулық сақтау басқармасы мен тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бөлімінде көпшілік арасында түсіндіру жұмыстары әлі жүргізілмегені үшін ескерту жариялады. 

Талқылау