Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында жүргізуші көліктің төбесіне 5 адам отырғызды

Жамбыл облысында жол ережесін бұзған екі адамды полиция жазалады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"10 тамызда Мерке ауылында полиция қызметкерлері 20 және 19 жастағы "Фольксваген Гольф" және "Мерседес-Бенц" көліктерінің жүргізушілерін анықтады, олардың біреуі екі қыз бен үш жігітті көліктің төбесіне отырғызып алған. Екінші жүргізуші екі адамды жүк салғышқа отырғызған", - деді полиция.

Екі машина да жол бойымен жүрген, оқиғаның бәрін жолаушылар түсіріп алған.

Құқық қорғаушылар жүргізушілерді анықтап, тергеу жасады. Жігіттер кінәсін мойындады.

Оларға әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 593-бабы, 1-бөлігі "жолаушылар мен жүктерді тасымалдау талаптарын сақтамау, жол жүру ережелерінде қарастырылған қауіпсіздік белдігін немесе шлемді пайдаланбау" бойынша жауапқа тартылды.

Сондай-ақ, полиция көліктердің барлық жолаушыларын анықтап, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мен гигиена нормаларын бұзу туралы дәлелдер жинады. Материалдар Жамбыл облысы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментіне жіберілді.
 

Талқылау