Жамбыл облысында жүк көлігі жүргізушілері жолды жауып тастаған: Полиция түсіндірді
Жамбыл облыстық полиция департаменті жанармай бағасының көтерілуіне наразылық ретінде ауыр жүк көліктері жүргізушілерінің тас жолды жауып тастауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 25 сәуірде болған. Куәгерлердің хабарлауынша, жүк көлігі жүргізушілері жанармай бағасының көтерілуіне наразылық ретінде жанармай бағасы арзандағанша жүк тиеуден бас тартқан. Бұл ретте бағаның көтерілуіне наразы жүргізушілер жүк тиеуге бел буған жүргізушілерге тас лақтыру үшін тас жинаған-мыс.
Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлованың айтуынша, 25 сәуірде күндіз Байзақ ауданы Қайнар ауылы маңындағы тас жолға 20-ға жуық ауыр көлік жүргізушісі жиналып, көліктерін жол жиегіне тоқтатқан.
"Полицейлер жүргізушілермен түсіндірме әңгіме жүргізді, содан кейін адамдар тарап кетті", - деді департамент өкілі.
Талқылау

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады