Жамбыл облысында жаңа мемлекеттік табиғи парк құрылды
Фото: Gov.kz
Жамбыл облысында жаңа "Мерке" өңірлік мемлекеттік табиғи парк құрылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Үкіметінің тиісті қаулысы қабылданды. Парк ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесін алды. Ол 86 632 гектарды қамтитын Батыс Тянь-Шаньның тау етегі мен таулы аймақтарындағы бірегей экожүйелерді қорғауға бағытталған.
"Мерке мемлекеттік өңірлік табиғи паркінде" Қызыл кітапқа енген барыс, арқар, үнді жайрасы мен түркістан сілеусіні сияқты сирек кездесетін жануарлар мекендейді.
Парк мемлекеттік органдардың, ғылыми мекемелердің, жергілікті қауымдастықтардың және БҰҰ даму бағдарламасы халықаралық серіктестердің көпжылдық бірлескен еңбегінің нәтижесінде бой көтерді.
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаевтің айтуынша, Мерке мемлекеттік өңірлік табиғи паркі – табиғи ресурстарды ұтымды басқару мен экожүйелерді сақтау жолындағы маңызды қадам.
“Парк экотуризмді дамытуға, экологиялық білім беруге және халықты тұрақты табиғат пайдалану ісіне кеңінен тартуға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта инфрақұрылымды дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу және ғылыми-танымдық бағдарламаларды жүзеге асыру жоспарланып жатыр”, – делінген хабарламада.
Еске салсақ, Катонқарағай ұлттық паркіне демалушылардың кіруіне тыйым салынған еді.

Екі қыз анасыз қалды: Атырауда ер адам әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді
