Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында Өзбекстан азаматы екі әйелді бауыздап өлтіріп кетті

Жамбыл облысында малшы екі әйелді айуандықпен өлтіріп, өзі ізім-қайым жоғалды. Бұл жағдайдан шошып қалған ел-жұрттың сөзінше, қаскөй екі әйелді азаптап, артынан бауыздап тастаған. Бұл туралы  КТК арнасына сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жамбыл облысы

Оқиға Тұрар Рысқұлов ауданы Мамай ауылында шопан таудағы үйде екі адамды өлтіріп тастаған. Тәртіп сақшылары оны бірнеше күннен бері таба алмай жатыр

Ресми мәлімет жоқ, дегенмен, ауыл тұрғындарының айтуынша, қылмыс шаруа қожалығында болған. Күдіктінің Өзбекстан азаматы екені белгілі. Ол екі бөлмелі баспананың ішінде екі әйелді бауыздап өлтіріп, мәйітті тапшанның астына жасырған. Ал қазір үйде ешкім жоқ, есігі кілттеулі.

Ауыл тұрғындарының сөзінше, малшы бұл жерде жалғыз тұрған. Ол екі айдан бері мал бағып жүрген. Ал көз жұмған әйелдердің бірі келесі қожалықта аспаз болып істеген көрінеді. Екінші әйел қонаққа келген құрбысы екен. Бірақ олардың бір шақырым жерден күдікті тұратын үйге неге барғаны түсініксіз.

"Естігенім сол, екі әйелді өлтіріп кетіпті.Бауыздап өлтіріп кеткен дейді. Мәйітті білмеймін, тапшанның астында жатты дейді ғой", - деді жергілікті тұрғын.

Ауыл азаматтарының айтуы бойынша, кісі өлтірген азамат қылмыс жасағаннан кейін атқа мініп, ауылға қарай бет алған. Бірақ елді мекенге тоқтамай, ары өткен. Сөйтіп темір жолдың жағасына келіп, жылқысын сол жерге байлап кеткен. Өзі ұшты-күйлі жоғалған. Содан бері одан еш хабар жоқ. Ал полиция қызметкерлері қаскөйді бірнеше күннен бері іздестіріп таба алмай жатыр.  

"Қазір аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сондай-ақ бірқатар сараптамлар тағайындалды", - деді Жамбыл облысы ПД тергеу басқармасының аға тергеушісі Әнуар Карипсейтов.

Тәртіп сақшылары тергеу құпиялығына байланысты толық ақпарат бермеді. Белгілісі, қазір күдіктіні жан-жақты іздеу жұмысы жүріп жатыр. Күдіктінің 54 жастағы Өзбекстан азаматы екені расталды. Сондай-ақ, қайтыс болған келіншектің бірі– 50 жаста, екіншісі – 38-де. Бірақ бұлардың отбасы жайында дерек жоқ. Қылмыс Мамай ауылында болғанымен, қаза тапқандар Сарысу ауданның тұрғындары екен.

Бұған дейін Жамбыл облысында аса қауіпті қылмыскерді іздеп жатқаны хабарланды.

Талқылау