Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы делдал болғаны үшін сотталды

Фото: Видеодан скрин

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты пара беру кезінде делдал болғаны үшін шенеунікке үкім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы С. Үкімбаевқа, Тараз қаласының тұрғындары Э. Мурадовқа және Т. Телеуовқа қатысты үкім шықты.

Мұрадов пен Телеуов қалалық қаржы бөлімінің лауазымды адамдарына бұрын тәркіленген және соттың шешімі бойынша жойылуға жататын темекі өнімін бергені үшін 200 мың АҚШ доллары сомасында пара берген. Ал Үкімбаев – парақорлыққа делдал болғаны үшін кінәлі деп танылды.

“Сот үкімімен Мұрадовқа 10 жыл, Телеуовқа - 9 жыл, Үкімбаевқа 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар Үкімбаев өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан айырылды”, – делінген хабарламада.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

 

Айым Болатқызы
Сенбі, 24 Мамыр, 2025 16:42
Талқылау