Жамбыл облысында жасөспірімдер қызды топтасып зорлады деген күдікке ілінді
Әлеуметтік желіде Жамбыл облысында үш жасөспірім кішкентай қызды зорлады деген күдікке ілінді деген ақпарат тарады. Жергілікті полиция күдіктілердің жеке басын анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Freepik.com
Жамбыл облысы полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлігіне (Кәмелетке толмаған адамға қатысты бір топ адам жасаған зорлық) сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын айтқан еді.
“Тергеу барысында күдікті ретінде үш жасөспірім анықталып, ұсталды. Олардың екеуіне қатысты сот үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын, үшіншісіне қатысты жеке кепілгерлік тағайындады. Қазір қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды, тараптар онымен танысып жатыр”, – деп мәлімдеді полиция.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 300-бабына сәйкес, қылмыстық іс тергеуге прокуратураға, содан кейін сотқа жіберіледі.
Бұған дейін Павлодарда 14 жастағы қызды зорлаған ер адам сотталған еді.
"Терезеге телміріп, жүруді армандадым": 10 жыл төсекке таңылған марафоншы ауруды қалай жеңгенін айтты
Ауырып жатсам да, қиындыққа сынған жоқпын
"Ит пен мысықты өлтіруге қарсымыз!": Қазақстандықтар қаңғыбас жануарларға эвтаназия жасау туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"