Жамбыл облысында фосфор ұнтақтайтын қондырғы екі жұмысшының денелерін бөлшектеп тастаған
Жамбыл облысындағы кәсіпорында екі жұмысшыны фосфор ұнтақтайтын қондырғы турап тастаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.
Сұмдық оқиға "Қазфосфат" серікітестігінің Сарысу ауданындағы бөлімшесінде болды. "Қаратау кен өндіру" комбинатындағы фосфор ұнтақтайтын қондырғыны жөндеу кезінде ол іске қосылып кеткен. Ішінде бес адам болыпты. 35 және 28 жастағы екі қызметкер сол жерде жан тапсырды.
Бейресми мәліметтерге сүйенсек, құрылғы екеуінің денесін кескілеп, бөлшектеп тастаған. Қаза тапқандар дәнекерлеуші және слесарь болып жұмыс істеген екен. Өзге үш адам жеңіл жарақатпен құтылды. Қазір осы дерек бойынша іс қозғалып, тергеу басталды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”