Жамбыл облысында екі ер адам аялдамада тұрған 13 жастағы қызды ұрламақ болған

Жамбыл облысында 13 жастағы қызды ұрлауға әрекет жасады деген күдікпен екі адам ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полицияның мәліметінше, олар 13 жастағы қызды ұрламақ болған.
"Полицейлер жедел іздестіру шаралары барысында 13 жастағы қызды ұрлауға әрекет жасады деген күдіктілерді ұстады. Полицияға екі белгісіз адамның автокөлікпен аялдамада тұрған қызды ұрлауға тырысқаны туралы хабарлама түскен. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп хабарлады Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, оқиға орнына полиция қызметкерлері жеткен.
-
Түркістан облысында әйелін жындыханаға күштеп жатқызған азаматқа 9 жылға сотталды
-
Полиция көлігінде қызметкер мен жүргізушінің “күдікті әрекеттері” түсірілген видео тарады
"Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Балалардың қауіпсіздігіне қол сұғудың кез келген фактісі ерекше бақылауда болады және қолданыстағы заңнама аясында ең қатаң түрде тоқтатылады", – деп қорытындылады полиция өкілдері.
"1,5 келілік сәби жансақтау бөлімінде": Таиландқа демалуға барып, босанып қалған қазақстандық әйел елден көмек сұрады