Жамбыл облысында боранда көліктер жолда қалды
Жамбыл облысында боран болып, бір мезетте 300-ден аса көлік далада қалды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Аймақта жел екпінінің қатты болғаны сонша, жүк көліктері аударылып, 200 адам қар құрсауында қалып қойған. Аязда қалған жолаушылардың көптігінен құтқарушылар үлгермей қалған. Кейін олар өз беттерімен жақын маңдағы ауылдарға жаяу жетіп тұрақтаған. 27 көлік жолдан шығып, қарға көміліп қалды.
“Негізі құтқару жұмыстары Жуалы ауданында, Талас ауданында және Сарысу ауданында жүргізілді. 560-тан астам адам Шымкентке қарай тасымалданды. Ал Жуалы ауданынан бері қарай "Боранды" станциясынан 96 адам жеткізілді”, – деді Жамбыл облыстық ТЖД басқарма бастығы Руслан Шариев.
Қазір боранның беті қайтып, барлық жолдар ашылған.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген