Жамбыл облысында жүк көлігі жүргізушісі аязда 5 күн бойы жолда қалып қойған
Жамбыл облысындағы Қордай асуында бес күн бойы жолда қалған фура жүргізушісіне көмек көрсету операциясы сәтті аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегінше, өрт сөндірушілер арнайы техника "Трэкол" көлігімен оқиға орнына жетті. Онда фура жүргізушісі өте қиын жағдайда болған.
"Ұзақ уақыт бойы суықта тұрғандықтан көліктің отыны қатып қалған және ер адам бес күн бойы жолда қалған", – делінген төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.
Оқиға орнына келген құтқарушылар жүргізушіге қажетті көмек көрсетілген. Ер адамның денсаулығын тексеріп, көлікті қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
Жүргізуші құтқарушыларға уақтылы көмек көрсеткені және кәсібилігі үшін үлкен алғысын білдірді. Төтенше жағдайлар деректеріне сәйкес, ер адамның жағдайы қалыпты және көлікті жолға шығарған.
Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысында қарлы боранда жүргізушілерге жол көрсеткен құтқарушы желідегілерді тәнті еткенін жаздық. Қарағанды облысы Осакаров ауданындағы №17 өрт сөндіру бөлімінің қызметкері Сымбат Есжанов қарлы бораннан жол көрінбеген соң, көлігінен түсіп, мұзды жолда жолаушыларға бағыт көрсетті.