Қазақстанның оңтүстігінде 6 балдық жер сілкінісі болды
Фото: Pixabay.com
8 шілдеде Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай жер сілкінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің "Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 8 шілде 14:30-да жер дүмпуін тіркелді.
Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында 334 шақырым жерде орналасқан. Құлан ауылында 6 балдық жер сілкінісі болған. Ал Меркіде – 3 балл.
Жер сілкінісі туралы видео түсірген қазақстандық сотқа тартылды
Одан бөлек жер сілкінгені сезілген аймақтар:
- Шу – 3 балл
- Сарыкемер – 3 балл
- Төле би – 3 балл
- Тараз қаласы – 3 балл
- Аса – 2 балл
- Мойынқұм – 2 балл
- Қордай – 2 балл
- Бауыржан Момышұлы – 2 балл
- Қаратау – 2 балл
- Тұрар Рысқұлов – 2 балл.
Қирандылар немесе зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Министрліктің командалық орталығы және Жамбыл облысының ТЖД базасында жедел штаб құрылды. Байланыс және көмек үшін жедел желі ашылды:
ТЖМ командалық орталығы - 87172-55-96-21
Жамбыл облысы ТЖД 8-7262-51-41-67
Талқылау

Джей Ло концертінде жұмыс істеген кәмелетке толмаған волонтерлер ұйымдастырушыларға шағымданды
Кей ата-аналар мұндай жағдайдың бұрын да болғанын айтты

"Әр адам қай тілде сөйлесе де, өзі біледі": Қазақша қызмет көрсетуден бас тартқан Алакөлдегі демалыс орны жұмысын тоқтатты
Қазақстандықтар қазақ тілінде қызмет көрсетуден бас тартқан Алакөлдегі демалыс орны басшысы үстінен шағым түсірді