Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында 280 келі есірткі тәркіленді

Жамбыл облысында 280 келіге жуық есірткі тәркіленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жамбыл облысында Шу ауданы Белбасар ауылының маңында Сарғау учаскесінде полиция қызметкерлері 42 жастағы жергілікті тұрғынды аса ірі мөлшерде есірткі сақтады деген күдікпен ұстады.

“Арнайы операцияны облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізді. Бірқатар іздеу шаралары жүргізілді, ұстау учаскесінде қарасора бұталары табылды. Жалпы салмағы – 237 кг 234 грамм. Сарайда тұрғылықты жері бойынша жалпы салмағы 12,6 кг және салмағы 24,5 кг болатын кептірілген марихуана бар полипропилен қапшықтар табылды", – делінген ведомоствосында.

Ұсталған адам кінәсін мойындап, Шу ауданының изоляторына қамауға алынды.

"Қазіргі уақытта осы факт бойынша ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша "Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылады", – деді ПД УПН бастығы Әлім Бажықбаев.

Талқылау