Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысының экс-әкімі Нұржан Нұржігітов енді Су ресурстары министрлігін басқарады

Жамбыл облысының экс-әкімі Нұржан Нұржігітов Су ресурстары және ирригация минитрі болып тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Нұржан Нұржігітов

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды”, – делінген хабарламада. 

Нұржан Молдиярұлы еңбек жолын 1991 жылы Жуалы ауданы Максим Горький атындағы колхозында механик болып бастаған.
Әр жылдары Төле би атындағы агробірлестіктің бас инженері, Жуалы ауданы әкімі аппаратының маманы, бас маманы, бөлім меңгерушісі, Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің басшысы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының бас инспекторы, бөлім меңгерушісі, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, басқарма басшысы, Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. Байзақ ауданы әкімі қызметін атқарды.

Ал 2022 жылдың 7 сәуірінен бастап Жамбыл облысы әкімі қызметін атқарды. 

Талқылау