Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жалмауыз емеспіз ғой": Бағлан Әбдірайымов өзін қартайды дегендерге жауап берді

"Жігіттер" квартетінің әнші Бағлан Әбдірайымов тыңдармандары тарапынан "қартайыпсыз" деген сөзді жиі еститін болған. Кезінде талай арудың жүрегін жаулаған сері бүгінде жасы 40-қа келіп қалғанын, қартаю заңдылық екенін алға тартты. Ол сырт келбетін сынағандарға жауап берді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Аға, қартайыпсыз, бұрынғыдай емессіз", – дейтіндер баршылық. Жалмауыз емеспіз ғой.

Әрине, жас кездегі жалындаған бейне жанкүйерлердің санасында қалып қойған. Бетті тартпай, көзді ашпай, әжімді жинамай, угридің үңгірін қаз-қалпында ұстап жүрміз.

Не нәрсенің болсын ОРИГИНАЛЫ жақсы емес пе? Бәрі өз уағымен. Жасандылық жоқ. Өмір тамаша! Әр күнің АЛЛАНЫҢ берген сыйы ғой!" – деп бөлісті ол. 


Талқылау