Жалын 3500 гектарға жайылды: Абай облысында бірнеше күннен бері орман өрті сейілер емес
Абай облысында тікұшақтарды, пойыздарды және автотехниканы пайдалана отырып, ірі орман өртін сөндіру жалғасуда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Үш ірі учаскені 600 адам сөндіруде. Жанып жатқан орман алаңы шамамен 3500 га.
ТЖМ мәліметінше, елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Бірақ 6-10 м/с қатты желдің кесірінен өртті өшіру қиындайды. Соның кесірінен жалын өршіп, сондай-ақ тығыз өсетін дақылдар мен тұзды жерлердің жануына қауіп төндіреді.
24 мамырда қосымша 13 бірлік өрт сөндіру техникасы мен Астана ТЖД жеке құрамының 70 адамы, 103 адамнан тұратын бір әуе борт және қорғаныс министрлігінің жеке құрамы және 15 бірлік техника келді. Сондай-ақ Астана және Қарағанды облысының ТЖД екінші эшелоны 12 бірлік өрт сөндіру техникасы мен 60 адамнан тұрады.
Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр Марат Күлдіков пен Абай облысының әкімі Нұрлан Уранхаев аумақты аэровизуалды тексеруден өткізді. Сонымен қатар аэровизуалды тексеру үшін "Қазавиақұтқару" еурокоптері тартылды.
Өртті сөндіру жергілікті атқарушы органдармен тығыз қарым-қатынаста жүзеге асырылады.
Облыстың ТЖМ және ТЖД жедел штабтары жұмысын жалғастыруда.