Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі келесі жекпе-жек күні мен қарсыласы анықталды

UFC жеңіл салмақтағы қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов жанкүйерлерімен жаңалықтарымен бөлісті. Ол келесі жекпе-жек күні мен қарсыласын атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Ол келесі жекпе-жектің күні мен қарсыласын анықталғанын жеткізді. Алайда қазақстандық файтер әзірге нақты ақпарат айтпады. 

"Күні белгілі, қарсыласым бар. Қазір біз мотивациямен алға жылжимыз", - деді Жалғас өзінің Instagram желісінде.

Жұмағұловтың соңғы жекпе-жегі 4 маусымда Лас-Вегаста өтіп, ол төрешілердің бөлек шешімімен америкалық Джефф Молинадан (11-2) жеңіліп қалған болатын. Жалпы, UFC туы астында Жалғас бес жекпе-жек өткізді. Бірінде жеңіске жетіп, тағы төрт жекпе-жекте жеңілді. Әлемдегі ең танымал ММА лигасында ақтөбелік 2020 жылдан бері өнер көрсетіп келеді

Талқылау