Жалғас Жұмағұлов еуропалық тұжырымдағы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов еуропалық Oktagon тұжырымындағы алғашқы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: UFC
UFC тұжырымының экс-спортшысы Жалғас Жұмағұлов еуропалық Oktagon тұжырымындағы дебютті жекпе-жегінің алдында ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Аса жеңіл салмақта жұдырықтасатын отандасымыз өзінің дебюттік кездесуін ертең Словакияда өтетін турнирде өткізеді. Жалғас бұл турнирде Аарон Эбиге қарсы жұдырықтасады. екеуі де салмақ өлшеу рәсімінде тиісті салмақта көрсетті. Жұмағұлов 57,1 келі көрсетсе, Аарон 56,8 келі болды. Енді қос спортшы ертең өзара мықтыны анықтайды.
Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов соңғы жекпе-жегін биыл 24 ақпанда Алматыдағы Naiza FC 57 турнирінде өткізді. Ол сол жекпе-жекте америкалық спортшы Кливленд Маклинді төрешілердің шешімімен жеңген еді.
Талқылау