Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жалған вакцина паспортын сатып алғандар қайта екпе алды ма? Табынбаев жауап берді

Жалған вакцина паспортын сатып алған алматылықтар қайтадан екпе салдырып жатыр ма? Бұл сауалға брифинг барысында қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Біз Алматыда екпе төлқұжатын сатып алушылардың нақты санын әлі білмейміз. Полиция тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Бірақ 20-ға жуық факті тіркелгенін білеміз. Үкімет оларды вакциналау туралы шешім қабылдаған жоқ. Егер вакцина салғызатын болса ол тегін болмайтыны белгілі. Күні бүгінге дейін жалған құжаты бар тұрғындардың ешқайсысы вакцина салдыруға келген жоқ", - деп жауап берді Нариман Табынбаев.



Бұған дейін Нариман Табынбаев Алматыда Pfizer вакцинасын қай жерде салдыруға болатынын айтып берген. 

Айнұр Мұхади
Бейсенбі, 21 Қазан, 2021 16:35
Талқылау