Бекшин: Коронавирус есте сақтау қабілетін бұзып, жүйке жүйесін зақымдай бастады
Коронавируспен ауырған адамдар арасында есте сақтау және ойлау қабілеті нашарлағандар бар. Бұл туралы брифинг барысында Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта коронавирус жүйке жүйесін зақымдай бастады.
"Бұған дейін коронавирус жұқтырған адамдарда диарея синдромы басым болса, бүгінгі күні нейротоксикалық синдром пайда болды. Яғни бұл дегеніміз – есте сақтау қабілетінің бұзылуы, науқастар жиі есінен танып қалады. Нейротоксикалық синдромда бірінші кезекте ми зардап шегеді. Сондай-ақ адам сауыққан соң постковид синдромы жалғасады. Бұл өлімге әкелуі мүмкін", – деді Жандарбек Бекшин.
Алматының эпидемиологиялық жағдайы жақсарды ма: Бекшин жауап берді
Алматының бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин тұрғындарды коронавирус дертіне бейжай қарамауға шақырды. Ол халыққа санитарлық шараларды сақтап, вакцина алу керектігін ескертті.
Қазақстандық ер адам үйлену тойының орнына екі әпкесіне үй, қарындасына көлік сыйлады (видео)
Астанада тұратын үлкен әпкесіне екі бөлмелі пәтер, екінші әпкесіне Ақтөбеден үй сыйлады
Қазақстанда кінәсіз сотталып, кейін ақталған жағдайда не болады: Заңгер мұндай кезде кімнің жауапқа тартылатынын түсіндірді
Заңсыз қамауда болған қазақстандықтар мемлекеттен өтемақы талап ете алады