Жалақысын алу үшін жұмысқа кеткен: Алматыда 24 жастағы жігіт табылмай жатыр
Алматыда 24 жастағы Берік Ғаббасов із-түзсіз жоғалып кетті. Ол жалақысын алу үшін жұмысқа кетіп, сол күйі қайтып оралмаған.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі inAlmaty.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Туыстарының сөзінше, Берік 20 қыркүйектен бері хабарласпаған. Ол жалақы алу үшін жұмысына кетіпті. Алайда содан бері хабарсыз.
Туыстары оның соңғы уақытта түрлі дүкендерде өлшеуші болып жұмыс істегенін айтады.
«Соңғы жұмыс істеген жеріне бардық. Алайда ол жердегілер мұндай қызметкердің жоқ екенін, ешқашан болмағанын айтты», - дейді жоғалып кеткен жігіттің туысы.
Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық полиция департаментінен ресми жауап алу үшін хабарласты. Полициядағылар кейінірек жауап беретінін жеткізді.
Талқылау

"Түрің түрмеден шыққан адам сияқты": Қоғамдық көлікте ер адамның қазақстандық арудың сырт келбетіне тиіскені желідегілердің ашуын туғызды (видео)
Заңгер мұндай ескертулер біреудің ар-намысына тисе, шағымдануға болатынын айтты

Freedom Bank-тен кешбэк алып жүрген қазақстандықтар декларация тапсыруға міндеттеледі
Банк клиенттерінің көбі кешбэк үшін декларация тапсыратынын білмеген