Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үй көрмей жүріп 67 мың теңге табамыз". Ақтөбе облысында мұнайшылар жұмысын тоқтатты

Ақтөбе облысында тағы бір мұнай компаниясының қызметкерлері жұмыс істеуден бас тартты. 29 қаңтардан бастап Темір ауданындағы Башенколь кен орнында "АМК Мұнай" (қазақстандық кәсіпорын, "Ада ойл" корей компаниясының мердігерлері) компаниясында еңбек етіп жүргендер наразылық жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Диапозон басылымына сілтеме беріп.

"Біз 62 адамбыз. Бүгін вахтаға 40 адам шықты, оларды жолда үйлеріне қайтарды. Кен орны тұр. Мұнда операторлар, арнайы машиналардың жүргізушілері, зертхана қызметкерлері бар. Жалақы 60 мың теңге. Былтырдан бері бізге қосымша жеті мың теңге қосылды. Бұл ақшаны да бәрі бірдей ала бермейді. Кішкене бұзушылықтар болса оны да алып тастайды. Вахта 15 күн. Біз жалақыны 100 пайызға арттыруды талап етеміз, өтінішті басшылыққа бердік, ол "Ада ойл" компаниясымен келіссөздер жүргізуде", - деді басылымға жұмысшылардың бірі.


"Жақындары үйде күтіп отырған": Қызылорда маңында қаза болған мұнайшы туралы туыстары айтып берді 


Ереуілге шыққан мұнайшылар мемлекет басшысына әлеуметтік желілерде видео хабарлама жариялады.

"Жалақымызды 150 мың теңгеге дейін көтеруді сұраймыз. Біздің компаниядағы операторлар 67 мың теңге табады, бұл ақша отбасын асырауға, коммуналдық қызметтерді төлеуге, бағасы күннен күнге өсіп келе жатқан өнімдерді сатып алуға жетпейді. Мереке күндері және түнгі ауысымдағы жұмыс сәйкесінше төленбейді. Жалақыны көтеру - біздің жалғыз талап. Біз облыс әкімдігіне, еңбек инспекциясына, "Нұр Отан" партиясына жүгіндік, нәтиже жоқ, сондықтан біз сізге жүгінеміз және мәселені шешуге үміттенеміз", - делінген хатта.

Бұған дейін Көкжиде кен орнындағы "ҚМК мұнай" компаниясының қызметкерлері наразылық жариялаған болатын. 25 қаңтардан бастап компанияның 100-ден астам қызметкері жұмыс істеуден бас тартып, жалақыны 100 пайызға арттыруды және еңбек жағдайларын жақсартуды талап етті.

 

Бұған Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Саламат Аманбаев түсініктеме берді.

"ҚМК мұнай қызметкерлері жалақыны 100 пайызға арттыруды талап етуде. 25-нен  бастап облыс әкімінің тапсырмасы бойынша комиссия құрылды, оны облыс әкімінің орынбасары Сәлімгерей Бекбергенов басқарады. Комиссия мүшелері қызметкерлермен кездесіп, оларды тыңдады, - деді Саламат Аманбаев.

Мұнайшылар сондай-ақ, жатақханадағы жағдай мен асханадағы тамақтануды жақсартуды талап етеді және кәсіподақтың қаражаттың жұмсалуы туралы есеп беруін, сондай-ақ аттестаттау кезінде үстеме талаптар туралы мәселені көтеруін де талап негізінде атап өтті. Онда екі ауысым бар - жұмыстан кейін шығуға тиістілер және жұмысқа кірісу керек адамдар.

Өткен жылы "ҚМК-Мұнай" қызметкерлерінің жалақысы 33 пайызға өсті. Мұнда барлығы 290 адам жұмыс істейді, орташа жалақысы - 213 мың теңге, жұмысшылардікі - 162 мың теңге.


 Мұнай қоры бойынша Қазақстан әлемде 11-орынға тұрақтады


"АМК Мұнай" ереуіліне қатысты Саламат Аманбаев оларға жазбаша түрде ешкім хат жібермеген.

"Олардың жұмысты тоқтатқанын білмеймін, мұндай ақпарат жоқ. Бүгін ол жерде қайта тексеруден өту керек еді, ол болған жоқ. Егер қызметкерлерден өтініш келіп түссе, мәселе сол сияқты шешілетін болады", - деді ол.

Бас мемлекеттік еңбек инспекторы 67 мың теңге жалақыға қатысты деген сұраққа ол бұл туралы айта алмайтынын, әрбір кәсіпорынның өз саясаты бар екенін және жалақысы оның табыстылығына байланысты екенін айтты.

 

Талқылау