Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жақындары үйде күтіп отырған": Қызылорда маңында қаза болған мұнайшы туралы туыстары айтып берді

Қызылорда облысында қайтыс болған мұнайшылардың ішінде 35 жастағы Шымкент тұрғыны Александр Галкин де бар еді. Ол "САУТС-ОЙЛ" компаниясында аспазшы болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Кәсіпорын жерлеу рәсімін ұйымдастыруға көмектесті. Сондай-ақ, марқұмның 12 жастағы ұлына жәрдемдесіп тұрамыз деп уәде етті. Туыстарының айтуынша, ойда ештеңе жоқ,  Александрды үйде күтіп отырғанбыз дейді. Алайда Александрдың өзі емес, оның қазасы туралы хабар жеткен. Мұны естіп анасы қатты қиналған. 

"Бірден жедел жәрдем шақырдық. Анасы күні бойы Александрды күктен еді. Қаза туралы естірткенде анасының да, әпкесінің де халі нашарлап кетті. Артынан жалғыз ұлы қалды. Олда күні бойы көз жасын тия алмады. Компания бірден келіп, барлығын айтып берді. Барлық материалдық шығынды өз мойнына алатынын айтты", - деді марқұмның туысы Андрей Подгорнов.

Желтоқсанның 3-і Қызылорда-Құмкөл трассасында жолаушыларға толы автобус аударылып түскен. Салонда 36 мұнайшы болған. Олар вахталық жұмыстан кейін үйлеріне қайтып бара жатқан. Жол апатының салдарынан 8 жолаушы қайтыс болып, 21-і ауруханаға жеткізілген.  

Талқылау