Жақсылық Досқалиев жыл дәрігері атанды
“Халықтың сүйіктісі” сыйлығы аясында профессор, медицина ғылымдарының докторы, танымал хирург Жақсылық Досқалиев жыл дәрігері атанды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
“Шынымды айтсам бұл мен үшін күтпеген қуаныш болды. Мен Қазақстанда мұндай акцияның өтіп жатқанын да білмедім. Барлығына басымды иемін. Әрине мұндай атақ тағы да еңбектенуді, қазақстандықтардың бақытты әрі ешқашан ауырмауы үшін тер төге түсуді талап етеді”, – деді Жақсылық Досқалиев.
Өз кезегінде мәдениет және спорт минисрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жоба ұйымдастырушыларын атап өтті.
“Бүгін өте керемет шара өтуде. Осы ретте Ғалым Байтукке үлкен алғыс айтамын, ол өзі де халықтың сүйіктісіне айналды”, – деді министр.
Аталмыш сыйлық 24 аталым бойынша табысталмақ: “Жыл мұғалімі”, “Жыл дәрігері”, “Жыл блогері”, “Жыл бизнесі” тағы да басқа. Сыйлық жеңімпаздары халықтың дауыс беруі арқылы анықталған.
Оқи отырыңыз:
Отбасында қаншасыншы бала екендігіңіздің мінезіңізге әсері қандай
Шашылып жатқан бөлмеде селфи жасаған бойжеткен елдің сынына қалды (фото)
Күйеуінің көңілдесі барын білген әйел 45 кг салмақ жоғалтқан (фото)
Түркияда маңдайында жүрекше қалы бар сәби дүниеге келді (фото)