Діни басқарма Құрбан айт мейрамы басталатын күнді жариялады
Фото: pixabay.com
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 28 мамырда һижри жыл санауы бойынша зул-хижжа айы басталғанын мәлімдеді. Олар Арапа күні биыл 5 маусымға сәйкес келетінін және 6 маусым Құрбан айт мерекесінің бірінші күні екенін атап өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Діни басқарманың дерегінше, Ислам дінінде қасиетті күндер, түндер және айлар қамари жыл санауы негізінде анықталады.
"Мұндай жыл санақ ай фазасының өзгеруіне қарай есептеледі. Жаңа айдың (һиләлдың) көрінуімен жаңа ай басталады. Қамари ай кейде 29 не 30 күн болады. Зулхижжа айын анықтау үшін зул-қағда айының 29-ында айды бақылайды. Күн батқан кезде жаңа ай көрінсе, келесі күні зул-хижжа айы басталған болып саналады. Егер ауа бұлтты болып, ай көрінбесе, зул-қағда айын 30 күнге толықтырады. Осыған орай, 2025 жылы 27 мамырда жаңа айдың көрінуіне байланысты биыл зұлхижжа айы 28 мамырда басталып, арапа 5 маусымға, ал құрбан айт 6 маусымға сай келеді", – деді діни басқарма.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен діни мерекелер кестесіне сәйкес, Құрбан айт үш күн бойы – 6, 7 және 8 маусым аралығында аталып өтеді.
Қазақстанның Еңбек кодексінің 84-бабына сәйкес, Құрбан айттың бірінші күні – 6 маусым (жұма) – барлық еңбек режимге қарамастан ресми түрде демалыс күні болып саналады.
Осылайша, маусым айында қазақстандықтар жұмыс істейтін күндеріне қарай келесі тәртіппен демалады:
Бес күн жұмыс істейтін қызметкерлер үшін: 6, 7 және 8 маусым – үш күн қатарынан демалыс.
Алты күн жұмыс істейтіндер үшін: 6 және 8 маусым – демалыс күндері, ал 7 маусым – жұмыс күні.
Қажылыққа заңсыз барғандарға 13,5 миллион теңге айыппұл салынады – ҚМДБ

"Есік-терезе жақтаулары бүлінген, едені тесік": Алматылық RAMS Qazaqstan-нан 85 миллион теңгеге алған пәтеріне шағымданды
