Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысы мұнай өндірілетін аймаққа айналуы мүмкін: Сарапшылар не дейді

Түркістан облысы тағы бір мұнай өндіретін өңірге айнала алады ма? Бұл сұрақтың жауабын шенеуніктер де, тәуелсіз сарапшылар да іздестіріп көрді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасына  сілтеме жасап.

Түркістан облысы мұнай өндірілетін аймаққа айналуы мүмкін: Сарапшылар не дейді

Үлкен Қаратауда мұнай табылғаны туралы жаңалық қазақстандықтарды жігерлендірген болатын. Мұнай қорының анықталғаны туралы мәлімдемені экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі жасаған. 

Шенеуніктер бұл жаңалықты жылы шыраймен қарсы алғды. Бүгінгі күннің өзінде олар облыстың мемлекетке орасан зор мүмкіндіктерге жол ашатындығын айтып отыр.  

«Мұнай шұңғымадан сарқырап, аға жөнелді деп айтуға болмайды. Сол себепті табылған мұнай қорының мөлшері әлі белгісіз. Қазір «қара алтын» табылған аймақ толықтай зерттеуден өткеннен кейін ғана мұнайдың көлемі анықталатын болады», - экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Санжар Жаркешов. 

Естеріңізге сала кетейік, мұнай қоры Түркістан облысына қарасты Шоқпақ аумағында орналасқан Үлкен Қаратау шұңғымасында табылыпты. Бұл аймақта бірінші рет "қара алтын" қоры анықталған

«Біріншіден, бұл жаңа жұмыс орындарын ашылады деген сөз. Сонымен қатар біздің облыс үлкен инвестициялар ие болады. Бұл, әрине, аймақтың гүлденуіне алып келеді», -  деді геолог Ықтияр Абдуллаев.

Десек те, жаңалықты айтарлықтай күмәнмен қарсы алған сарапшылар да табылды. Олардың айтуынша, геологиялық зертеулерге айтарлықтай көп қаражат жұмсалуы мүмкін.

«Табылған мұнай өзін-өзі коммерциялық тұрғыда ақтауы қажет. Мұнай қорын өндіруді жүзеге асыру үшін он жылдан астам уақыт кетуі мүмкін. Сол себепті бес жыл ішінде бұл қордан ауыз толтырып айтатындай пайда болады деп айтуға мүлдем келмейді», - деді мұнай-газ нарығының сарапшысы Сергей Смирнов. 

Қазақстанда мұнай кең көлемде Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Ақтөбе облыстарында өндіріледі. Ал бұлардың қатарына Түркістан облысының кіруі геолог мамандардың зерттеу нәтижелерінен кейін анықталатын болады.
 

Талқылау