Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жағымсыз жағдайға да дайын болуымыз керек": НАТО-ның бас хатшысы одақ құрамындағыларға Украинаны қолдауға шақырды

НАТО Ресейдің шабуылына қатысты Украинаға көмектесуге шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі DW сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Украинаға қолдау көрсетуді жалғастыруға шақырды. Айтуынша, Украинаны қолдау Солтүстік Атлантикалық альянстың өз мүддесіне сай келеді.

"Егер Путин жеңіске жетсе, Украинаны трагедия күтіп тұрғанын түсінуіміз керек. Бұл біз үшін де қауіпті. Сондықтан Украинаның жеңгені біз үшін маңызды", – деді бас хатшы.

Столтенберг соңғы бірнеше айда айтарлықтай ілгерілеу болмағанымен келісті. 

Сонымен бірге НАТО-ның бас хатшысы Украинадағы жағдай Батыстың қолдауының жеткіліксіздігінен ушығуы мүмкін екенін мойындады.

"Біз, сондай-ақ, жағымсыз жаңалықтарға дайын болуымыз керек. Соғыс кезең-кезеңімен дамиды. Бірақ біз Украинаны қай кезде де қолдауымыз керек. Сол үшін оқ-дәрі өндірісін арттыру өте маңызды", – деді ол.

Талқылау