Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Жағдай біз ойлағаннан да қиын екен": Кәсіпкер Айдын Рахымбаев Арыстың жағдайын айтты

Құрылыс компаниясының басшысы Айдын Рақымбаев Арыс қаласындағы қираған үйлер жайлы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол бірнеше құрылыс бригадасының жұмысқа кіріскенін атап өтті. Көмекке Нұр-сұлтан мен Алматыдан жұмысшылар келмек.

"Арыстағы үйлер біз болжағаннан да ауыр қираған екен. Фотосуреттерден көргенімізде үйдің төбелері тесіліп, тек терезелер сынған еді. Бірақ сараптамадан кейін жағдай әлдеқайда күрделі болды. Жүздеген соққыдан үйлердің қабырғаларына зақым келген. Бір қарағанда үйге жөндеу жұмысы керек секілді көрінеді. Ал, негізінде үй құрылысын қайта бұзып салуға тура келеді", - деді Айдын Рахымбаев Facebook парақшасында.

Оның айтуынша, оларға 100 үйді жөндеуге тапсырма келген. Олар қазір жұмысын бастап жатыр. 

"Мұндай техногендік апаттар қазіргі замандағыда жиі кездеседі. Жапонияда да атом электр станциясынан зақым келген еді. Сондықтан мұндай жағдайда  елдің басшылығын айыптамау керек. Қала тұрғындарына көмектесіп, екінші рет қайталанбау үшін алдын алу керек. Қайта жарылыс күндіз, елдің бәрі жұмысқа  кеткен уақытта болған. Түнде болса, жағдай басқаша болар ма еді", - деді Айдын Рахымбаев.

Айта кету керек, бұрын BI Group компаниясы Арыс тұрғындарына көмек ретінде 100 миллион теңге бөлді. Құрылыс холдингінің басшысы Айдын Рахымбаев бұл қаражаттың кем дегенде 100 үйді қалпына келтіру үшін жеткілікті екенін айтты.

Пікір қалдыру үшін сізге сайтқа кіру керек
Талқылау
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Сап-сау еді": Маса шаққан ер адам 9 күннің ішінде көз жұмды

Ол маса шаққаннан кейін сирек кездесетін ауруды жұқтырған

Тәртіпті көп бұзады: Қазақстанда полиция сержанттарының қызметіне өзгеріс енгізіледі

Сержанттардың тәртіпті көп бұзатыны анықталды

ТҚЖБ басшысы: Атаулы әлеуметтік көмек арқылы несиені жабуға ешкім жол бермейді

Ләззат Ибрагимова АӘК мен әлеуметтік жәрдемақылардың кіріс деп саналмайтынын айтты

"Біреудің пешін жағып, еденде ұйықтаған": Қанат Ислам көпбалалы анаға елордадан екі бөлмелі пәтер алып берді (видео)

8 балалы ана бұған дейін өзгенің отын жағып, үйін тазалап күнелтіпті

"Қатын болып жүрген жеріңнен адам қылдым": "Шімән апа" танымал тележүргізушіні әшкереледі

Ерболат Төлеген: Халық кімнің кім екенін білу керек

Алматыда жол опырылып, көлік ішіне түсіп кетті

Куәгерлер оқиғаның суреттерін бөлісті

Күн салқындап, жаңбыр жауады: Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Мамандар 20-22 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жасады

"Бәріне үй бере алмаймыз": Вице-министр көпбалалы аналарға ескерту айтты

Қайырбек Өскенбаев: Мен де, министр де бірден аналардың бәріне үй бере алмайды

"Көз жасымды тоқтата алмадым": Жанар Хамитованың өлімінен кейін есеңгіреп қалған ақын қыз арнауын жазды

Берлібаева Азиза: "Біреу келіп түсімнен оятып жіберсе екен"

Жас қыз антибиотик қабылдағаннан кейін қаны көк түске өзгеріп кеткен

Ол әлсіреп, тыныс алуы қиындағанын сезіп, терісінің түсі өзгергенін байқаған
Çàãðóçêà...