Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүрек талмасы болардан бір ай бұрын байқалатын 8 белгі

Сіз соңғы жылдары адамдардың жастайынан қайтыс болуына ненің көптеп себеп болып жатқанын білесіз бе? Бұл – жүрек талмасы. Дұрыс тамақтанбау, салауатты өмір салтын ұстанбау, үнемі жүйкеміз жұқарып жүру сынды жаман әдеттерімізге аса көңіл бөлмейміз. Жылдар бойы жиналған зиянды заттар осындай ауыр дертке шалдықтыруы мүмкін.

1451564476_ataka

Біз бұл жерде дерттің алдын алып  дұрыс жүріп-тұру жайлы айтпаймыз. Тек  басталып кележатқан дерттің бір күні  жарылатынын сездіретін белгілер жайлы айтамыз. Ең көбі бір ай бұрынғы мынадай белгілермен таныс болыңыз:

1 Шаршаңқылық

Адамның күре тамырлары тарылған кезде адам ағзасындағы әдеттегіге қарағанда азаяды. Ол қан айналым жүйесіндегі жұмысты баяулатады. Бұл мәселелердің алғашқы белгілері: ұйқышылдық, адам өзін үнемі шаршаңқы сезінеді.

2 Тыныс алуда үзілістер пайда болады

Егер адамның жүрегіне баратын қан мөлшері азайса, ол әдеттегі нормадағы оттегін ала алмайды деген сөз. Жүректегі қан айналымы мен өкпедегі оттегінің мөлшері бір-бірімен өте тығыз байланыстағы  дүниелер. Сондықтан тынысыңыз тарылса уақыт жоғалтпастан дәрігерге көрінгеніңіз дұрыс.

3 Әлсіздік  

Егер денеңізді көтере алмастай әлсіздікті сезінсеңіз  сіздің бойыңызда қаныңыз азайған. Сіздің бұлшықеттеріңіз қажетті оттек пен керекті мөлшердегі сұйықтықты ала алмай отыр деген сөз. Егер қимыл-қозғалыс жасаған кезде әлсіздікті сезінетін болсаңыз ол сіздің жүрек қан тамырлары жүйесімен тікелей байланысты бір дерттің пайда болуының бастапқы сатысы деген сөз.

4 Бас айналып, мұздай тер шығуы мүмкін

Миға қан қажетті мөлшерде тасмалданбаған  жағдайда  адам өміріне үлкен қауіп төнеді. Егер денеңізден мұздай тері жиі шығып, басыңыз жиі аналатын болса бұл да жүрек талмасының алғашқы белгілерінің бірі болып саналады..

5 Кеуде тұстан қысылу белгісі

Егер сіздің кеудеңіз қысылып, сол жерде жайсыздық сезетін болсаңыз бұл жәй қарайтын зат емес. Уақыт өте кеуде тұстың қысылуы жиілейтін болады. Бұл белгінің алдын алмасаңыз жүрек талмасын бастан өткізуіңіз әбден мүмкін.

6. Жаурауықтық

Егерде  сізде тұмаудың белгілері жиілеп кетсе, ойламаған жерден  жаурап, мұздап жайсыздық сезінуіңіз жиілесе жүрек талмасы жақындады деген сөз. Себебі жүрек талмасын бастан өткізгендердің көбі  бірнеше күн бұрын түсініксіз жағдайда тұмау ауруына шалдыққандарын жиі айтады.

7. Шаштың түсуі 

Ғалымдар шаштың көптеп түсуін жүрек аууымен байланыстырады. Әдетте 50 жастан асқан ер адамдардың шашы түседі. Алайда шаштың түсуі әйелдерде де кездеседі.

8. Ас қорыту жүйесінің бұзылуы

Асқазанның жоғағы бөлігі ауырады. Аш кезде немесе тамақтанып болған соң жүрек айниды. Бұл да жүрек ауруымен байланысты.

Әйелдедің жүрегі ауырғанда ұйқысы да бұзылады.

Егерде осы белгілерді өзіңіз болмаса жақыныңыздың бойынан байқаған болсаңыз уақыт жоғалтпай дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Ең дұрысы жүрек талмасының белгілері пайда бола бастаған кезден емделу. Әрі алдын алу кезінде  адамға ем қонып, дерттен толықтай айығып кетуі әбден мүмкін.

Тағы да оқыңыз:

Қатерлі ісіктің дамуының басты 7 себебі

Алматы облысының тұрғыны рак ауруын жеңіп шықты

Адамның аяғын қойдың тезегі мен терісіне салып емдегендер елді таңғалдырды (видео)

Хиджаб киген ұрлықшы қыздың әрекеті жұртты шошытты (видео)

Талқылау