Алматы облысының тұрғыны рак ауруын жеңіп шықты

Дүйсенбі, 7 Тамыз , 2017 15:43

Сүйінші, ағайын! Таңдай қуысының қатерлі ісігіне шалдыққан Зәмира Жиемұратова­ туралы газетімізде жазғанымыз естеріңізде болар? Зәмира осы аты жаман ауруды толық жеңіп шы­ғыпты.

zamira-yis

Осы қуанышын оқырманмен бөлісуді жөн көрген бұл отбасы қиын кезде қол ұшын созған барша оқырмандарға, қалың елге ризашылықпен алғыс жолдапты, деп жазады Замана.

Естеріңізге сала кетейік, ақпан айын­да біз «Ойда жоқта асқынған ауру жас әйелді мүгедек етті» деген мақала жаз­ған болатынбыз. Онда алматылық Зәмира есімді келіншектің тісін жұлдырғаннан кейін таңдайында қатерлі ісік пайда болып, ақыры асқынған ауру салдарынан дәрігерлер оның таңдайын, жағын, көзін, мұрын қуысы мен кеңсірігін алып тастағаны жайлы жазылған еді. Сөйтіп сегіз ай бойы ас түгілі, су ішуге жарамай қалған келіншегінің жайына алаңдаған оның жары Серік Жақайымовтың көпшіліктен көмек сұрауға мәжбүр екенін баяндағанбыз.

«Таңдайға «мочалка» салып қойып, ол суланған сайын Зәмира тұншығып қалар ма екен деген уайым артта қалды, – дейді Серік. – Судың өзін қорқа-қорқа қауіппен ішетін күндер де ұмытылды. Ал­лаға шүкір, көпшіліктің арқасында біраз қаражат жиналып, біз Зәмираға таңдай мен жақ салдырттық. Керекті дәрі-дәрме­гімізді алып, уақтылы және сапалы ем алдық. Қазір Зәмираның денсаулығы жақсы, дұрыстап ас ішіп, қорықпай ұйықтай алатын болды. Анасының денсаулығы түзеліп келе жатқанын көрген балалардың да еңселері көтеріліп, жүздері бал-бұл жайнап жүр. Осының бәрі – «Замана» газетінің мәселе көтеруі мен халықтың көмектесуінің арқасында қол жеткен бақыт. Біз қатерлі ісікті жеңдік.

Былтыр Зәмираға үшінші сатылы рак деген диагноз қойылғанда біздің отбасымыз үшін өмір осымен тоқтап қалғандай болған еді. Көлік пен баспана, бас­қа да жарамды заттың бәрін сатып, дәрі-дәрмекке жұмсадық. Әр күніміз қорқыныш пен уайымға толы болатын. «Замана» мен оның жанынан шығатын «Ауырмаңыз!» газетіндегі мақаладан кейін бізге қол ұшын созушылар көп болды. Хабарласып, тілектестік білдіріп, жылы сөзін арнаған жұртшылықтың арқасында еңсеміз көтерілді. Сондықтан қалыпты өмірге келуімізге көмектескен көпшілікке есеп беруді жөн көрдік.

Ақпан айынан бізге 200, 500, 1000, 2000 теңгеден ақша түсе бастады. Оны тек аса қажетті әрі қымбат дәрі-дәрмекке ғана жұмсай отырып, қалғанын жинап,­ мамыр айында Зәмираға 40 мың теңгеге­ уақытша жасанды пластикалық таңдай салдырттық. Ал маусым айында С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық меди­цина университетінің стоматология клиникасында үш жылға дейін қолдануға болатын таңдай мен жақ (150 мың теңге­ге) жасаттық. 2000 теңгеге мұрын қуысы мен көзінің орнындағы тесікті жауып тұ­ратын арнайы көзілдірікке тапсырыс бер­дік. Онда операциямен алынып тастал­ған оң жақ әйнекте көз суреті бейнеленген. Зәмира оны таққанда сырт қараған адам кемістікті көрмейді. Ол жай ғана күннен қорғайтын көзілдірік сияқты көрінеді.

Осылай Зәмира дұрыстап ас ішіп, анық сөйлей алатын болды. Күш-қуат жинап, өзі емін-еркін жүре алатын, қысылмай сөйлейтін, көшеге шыға алатын халге жетті. Балалар да анасының қолынан ұстап, кешкілік бәрі бірге серуендеп қайтады. Ал мен алаңсыз жұмысқа шығып, алғашқы айлығымды алдым. Білген адамға осының өзі бақыт қой.

Біздің осы бақытты күнге қол жеткі­зуімізге көмектескен азаматтардың ішіндеҚанат Мұратты ерекше атап өткім келеді. Наурыз айында біз жайлы мақаланы оқығаннан кейін арнайы іздеп келіп, төртінші химиялық терапияны алуға жетпей тұрған 50 мың теңгені төлеген ол жақында тағы да жағдайымызды сұрап келді. «Балалардың мектепке керекті киімдері мен кітап-дәптерлерін аларсыңдар», – деп, қарсылығымызға қарамастан қолымызға 150 мың теңге берді. Соның арқасында балаларды мектепке дайындап жатырмыз.

Жағдайымызды «Zamana.kz» сайтынан оқыған Жапсарбай деген жігіт ағасы берген­ 150 мың теңгеге көз бен көзілдірік мәселесін шештік. Шымкентте тұратын Жансаяатты келіншек көктемде 77 мың теңге аударып еді, жазға қарай есеп-шотымызға тағы да 30 мың теңге ақша аударыпты.

Осыдан бір апта бұрын телефоныма келген хабарламаны қарасам, «30 мың теңге түсті» деп тұр. Рахмет айтайын десем, кім жібергенін де білмеймін. Бейтаныс болса да туысымнан артық жанашыр болған бұл азаматтарға Алланың нұры жаусын! Бізге жасаған жақсылықтары жүз еселеп қайтсын! Осының бәріне себепші болған «Замана» және «Ауырмаңыз!» газеттерінің ұжымына деген алғысымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Ешқашан жамандық көрмеңіздер. Сіздерге шексіз ризамыз.

Біз үшін кең сарайдай үй, зырылдаған көлік арман емес. Бастысы – басымыз аман, деніміз сау болсын! Шынын айтқанда, бізге халықтан осындай көмек болады деп ойлаған жоқпыз. Аты жаман ауру алып тынады деген уайыммен жақсылықтан күдер үзген болатынбыз. Әр күніміз бір-бірімізге көрсетпей көз жасын төгумен өтіп жатқан еді. Қызым мен ұлым да ерте есейіп бара жатқан-ды. Олардың көздеріндегі қуаныштың себепкері сіздер екенін әрдайым айтып жүреміз. Біз бұл күндерді, осы көмекті ешқашан ұмытпаймыз! Ол бізге үлкен сабақ болды.

Енді екі ай күтінсе, Зәмира толығымен сауығып, газ плитасына өзі жақындай алатын болады. (Әзірге дәрігерлер оған рұқсат берген жоқ). Балаларымыз­ға өз қолымен ас пісіретін күнді ол да асыға күтіп жүр. Отбасымызбен оның пісірген тамағын ортаға алып, сүйсіне ас ішетін күн де алыс емес.

Ағайын! Бізге амандық тілеп, жанашырлық таныта қол ұшын созған баршаңызды Алла қолдасын! Ауырмаңыздар! Аман болыңыздар.

Қош бол, қатерлі ісік!»

…Хаттың әр сөзін оқи отырып, біз де Серік Жақайымов пен Зәмира Жиемұратова үшін ерекше қуандық. Үшінші сатыдағы қатерлі ісікті жеңіп шыққан Жақаймовтар отбасында алдағы күндері тек той мен қуаныш болсын деп тіледік. Құлағалы тұрған ескі моншаның сыз бас­қан бір бөлмесін паналап отырса да қанағатты ұмытпағанына риза бол­ғанымызды да жасырмаймыз.

Ал, оқырман, сіздерге айтар алғысымыз бір бөлек. Біз көтерген мәселеге бей-жай­ қарамай, қолдан келгенше көмек көрсеткен жақсылықтарыңыз жүз еселеп қайтсын! Осындай қуанышты хабар көп болғай!

Серік Жақайымовтың байланыс телефоны:  8-775-827-93-33.

Тағы да оқыңыз:

Адамның аяғын қойдың тезегі мен терісіне салып емдегендер елді таңғалдырды (видео)

Ақтөбе облысындағы мешіт Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбардың суретін таратқан (фото)

Алматыда “анасы мен қызы” сценарий бойынша шоу жасап интимді қызмет ұсынады

Құрбан шалуға қатысты әр мұсылман білуі тиіс 12 дерек

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев
  • Anonymous says:

    Сиздерге алланың нуры жаусын.тез сауығып ұзақ өмир сурип балдарыңыздың қызығын теңдей кориңиз

  • Anonymous says:

    Аллаға сансыз шүкір. Енді ауырмаңыздар! Сіздер үшін қуаныштымын.

  • Anonymous says:

    Деніңіз сау омириныз узак болсын

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар