Алматы облысы тұрғынының тісжегіден басталған дерті асқынып қатерлі ісікке айналған (фото)

Бейсенбі, 23 Ақпан , 2017 15:27

Алматы облысының Қарасай ауданында Серік Жақаймов деген азамат тұрады. Отыз алты жастағы осы азаматтың бүгінде қабырғасы қайысып, қайғыға батып отырған жайы бар.

16266009_243222186132840_2541914178909722825_n12

Бүлінген тісті уақтылы емдетпеудің салдарынан әйелі ауыр науқасқа шалдығыпты, деп жазады Замана газеті.

«2013 жылы келіншегім Зами­ра Жиемұратованың алдыңғы тіс­тері шіри бастады. Кейбірінің түбі іріңдеді. Бірін жұлдырдық, бірін ем­деттік. Бірақ тістері бірінен кейін бірі шіри берді. Ақыры аузында тіс қалмады. Көп ұзамай беті ісінді. Өзі де әлсіреп, жүдеп кетті. Сосын ем­деліп алсын деп азын-аулақ ақшаны ұстатып, Ташкент­ке жібердім. Ол жақта дәрігерлер біз күтпеген сұмдық диагноз қойды: «Сол жақ таңдай қуысының қатерсіз ісігі». Екі баланы босанғанда да Замира дұрыс күтіне алмап еді. Тістен басталған ауруға сол себеп болды ма деп ойлаймын.

IMG-20170210-WA0019

Ташкентте Замира жарты жыл емделді. Сәулелік терапия қабылдады. Беті бері қараған соң елге оралды. Бәрі дұрыс деп ойлағанбыз. Бірақ бір жылдан кейін сол жақ беті тағы да ісіп, өзі әлсіреп, қатты жүдеп кетті. Сөйтсек ауруы асқынып кеткен екен. Қатерлі ісікке айналыпты. Содан бастап абыржу, шапқылау: анализ тапсыру, дәрі-дәрмек алу, ауруханаға жату. Бірақ ауру бұл емге көнбеді. Сөйтіп 2016 жылдың шілде айында операция жасаттық. Оның да машақаты мен шығыны көп екен. Не керек, келіншегімнің сол көзін, жағын, таңдайын алып тастады. Осылай Замира бір-ақ күнде бе­тінің сол жағы қисайып, дұрыс сөй­леу мен ас ішуге жарамай, мүгедек болып қалды. Даусы шықпайды. Айтарын ернінің қимылдауы мен емеу­рінінен түсінуге тырысамын. Таңдайына «мочалка» қойып береді, оны күнара емханаға барып, алмастырып тұрамыз. Мүмкін­дік болып жатса, жасанды таңдай қойдырсақ дейміз. Бі­рақ ол үшін қаражат керек…

Бүгінге дейін үш рет химиялық терапия алды. Жақында төртінші рет химия алуға барамыз. Одан кейін тым қатты әлсіреп, жүріп-тұрмақ түгілі, басын да көтере алмай қалады. Қызуы жиі көте­ріліп, жиі қиналатындықтан жанынан ұзап шыға алмаймын. Диагнозын білетіндіктен, әрі ұл-қыздың жайын ойлап уайымдайтыны тағы бар, жүнжіп барады.

Өзімнің де жағдайым мәз емес: жұмыссызбын. Базарға барып, «тәш­кі» айдасам да тиын-тебен табар едім, әттең, Замирамен қоса балалар­ға да қарауым керек қой. Таңертең ас-суын беріп, 4-сыныпта оқи­тын қызымды мектепке шығарып саламын. Түсте баламды мектепке апарып, қызымды алып қайтамын. Күл шығарып, пеш жағу, ас әзірлеу, нан жабу, үй жинау, кір жуу, балалардың сабағын оқыту, киімдерін үтік­теу, дәріхана аралап, керек дәріні іздеу сияқты бітпейтін тірлік әйте­уір. Түнде қозатын аурумен арпалыс­қан Замираға қарайлап, ұйқыны да ұмыттым.

Үйіміз болған. Емделу, дәрі-дәрмек пен операция, қан құю керек болғанда сатып жібердік. Қазір Жамбыл ауылындағы бұрынғы моншада тұ­рып жатырмыз. Қожайынына рахмет, оған ақы алмайды. Бірақ асты-үсті сыз үлкен бөлме еш жылымайды. Қайта от жаққан сайын зәкте­ніп, қабырғалары суланып, балалар да жиі ауырады. Көктемге дейін жет­кізу үшін отын-суды да үнемдеп жұм­саймын.

Өзім жетім өстім. Төрт жасымда ата-анамнан қатар айырылдым. Интернатта тәрбиелендім. Жоғары білімім жоқ. Жазда жеке адамдарға жалданып, үй, монша, сарай сияқты құрылыстарын жасаушы едім, енді оған да мүмкіндігім болмай отыр.

Замира да анасыз өскен. Туыстары Қарақалпақстаннан ары тұрады. Әркім өз отбасының әуресімен, олардың бізге қарайласуға шамалары жоқ. Алладан күні-түні сұрайтыным, ке­ліншегімнің аты жаман аурудан аман-есен жазылуы. Ол үй тірлігіне жараса, мен қандай ауыр жұмыс болса да қашпас едім.

Келіншегінің мүгедектігіне бері­ле­тін ақша өзінің еміне де жетпейді. Ауыл адамдары бірі ұн, екіншісі бір шелек көмір, азырақ картоп-пияз, бірі балаларына сыймай қалған тәуір киімдерін беріп тұратын. Қашанғы қарайласады дейсіз? Қазір дәрі-дәр­мек, ас-ауқат, киім-кешек, отын-судан да қатты тарығып жатырмыз. Балаларға көзімдегі қайғыны, үйде­гі жоқтықты, аурудың азабын көр­сет­кім келмейді. Бірақ жүрегің жылап тұрғанда өтірік күле алмайды екен­сің. Еркек басыңмен көпшіліктен кө­мек сұрау өте қиын. Бірақ мен соған мәжбүрмін. Қайырымды адамдар, мүм­кіндігі бар жандар қолдарынан келгенше көмек берсе екен деймін. Жылағанымды, қиналғанымды үйдегі­лерге көрсет­пейін деп сіздер­мен далаға шығып, үй артында сөйлесіп тұр­мын».

Осылай деген Серіктің даусы ді­рілдеп, өксіп жылап жіберді. Ауыр жағдайға тап болған апталдай азаматтың әңгімесі біздің де жанымызды ауыртты.

… Біз ұл оқиға өзгелерге ой салады деп үміттенеміз. Бүлінген тісті дер уақытында емдету, босанған соң дұрыс күтіну сынды жайларды еле­меу­ге болмайтынын да айтқымыз келеді.

Ал Серік Жақаймов пен Замира Жиемұратоваға көмектесемін деушілер болса, қаражатты «Казкоммерцбанктегі» 4177 7900 3044 6921 есепшотқа аударса болады. Серік Жақаймовтың байланыс телефоны 8-775-827-93-33.

Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбеде арбаға таңылған аруды алып қашқан жігіт оны алақанына салып аялап отыр (фото)

Қазақ жігіті салақ әйеліне үй шаруасын үйрете алмағанын айтып налыды

Алматы облысы тұрғынының әйелін айуандықпен өлтірген сәті жарияланды (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар