Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысындағы мешіт Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбардың суретін таратқан (фото)

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының тұрғыны төріне Мұхаммед (с.а.с.) Пайғамбардың «суретін» іліп қойған. Оны үй иесі ертеректе мешітте таратқан кезде алғанын айтады.

IMG_7183

«Мәртөктегі мешітте таратқан кезде мен де жұрттан қалмай алдым. Төрімде Есет батырдың да суреті ілулі тұр. Күн сайын таңертең оларға иіліп сәлем беремін», — дейді үй иесі, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Суретте Мұхаммед Пайғамбардың (с.а.с.) 570 жылы дүниеге келіп, 632 жылы өмірден озғаны жазылған.

Өз кезегінде, Ақтөбе қаласының бас имамы Амантай Сәдиев Aktobenews.kz тілшісіне мұндай суреттің 2014 жылы тарап кеткенін айтып берді.

«Негізі дұрыс емес. Өте дұрыс емес. Ондай суретті құрту керек», — дейді қаланың бас имамы.

Айта кетейік, ислам әлемінде Мұхаммед (с.а.с) Пайғамбарды бейнелеуге тыйым салынған. Пайғамбардың өмірі жайлы фильм түсірілгенде де оның бет-әлпеті көрсетілмеген.

Тағы да оқыңыз:

Алматыда “анасы мен қызы” сценарий бойынша шоу жасап интимді қызмет ұсынады

Пайдамды тигізгім келеді: Әнші мұқтаж отбасыға азық-түлік әкеп берді

Ата-анасы күштеп күйеуге бермек болған қырғыз қызы жындыханаға түсті

Құрбан шалуға қатысты әр мұсылман білуі тиіс 12 дерек

Талқылау