Зейнеткер көршісінің шошқаларының шабуылынан көз жұмды
АҚШ-тың Огайо штатында қарт әйелге көршісінің шошқалары шабуылдап өлтірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі wbns порталына сілтеме жасап хабарлайды.

75 жастағы Ребекка Вестергаард Ригни 25 желтоқсан күні Рождество тойлату үшін туыстарына қонаққа баруы керек болған.
Алайда ол сол күні мерекелік дастарханға келмеді. Кейін Ригнидің немересі іуайымдап, полицияға хабарласады. Ол әжесінің үйін бір тексеруді өтінеді. Полиция зейнеткердің үйіне келіп, босағадан тыныс алмай жатқан денесін тапты.
Сараптама Ригнидің көп қан жоғалтуына байланысты көз жұмғанын анықтады. Себебі оның аяқтарын қандай да бір жануар тістеп тастаған. Полиция әйелді көрші шошқалардың шабуылына тап болды деп болжауды. Тергеу мәліметтері бойынша, олар Ригниге шабуыл жасап, тістеген. Тергеу жалғасуда.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан