Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зейнетке кімдер ерте шыға алады?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында кімдер зейнетке 50 жасында шыға алатынын мәлімдеді.

pensioner600_600x400

«Егер жұмыскердің өзінің 1998 жылдан аударатын міндетті зейнетақы жарнасының сомасы, жұмыс берушілердің 2014 жылдан жасайтын жарнасы және ерікті зейнетақы аударымдарының сомасы зейнетақы аннуитетін сатып алуға жеткілікті болса (ер адамдарға – 7 098 035 теңге, әйелдерге – 9 890 035 теңге), онда ол азамат зейнетке 50 жасында шыға алады», – деді вице-министр, деп хабарлайды Baq.kz.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының дерегіне сүйенсек, мұндай құқықты зиянды еңбек жағдайындағы 640 адам пайдаланған.

Естеріңізге сала кетейік, келесі жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетақы азаматтардың еңбек өтіліне байланысты есептеледі.

«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап енгізілетін базалық зейнетақыны тағайындаудың жаңа тәсілін түсіндіру тұрғысында белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Негізі өңірлерге шығып, азаматтармен кездесудеміз. Бір айта кететін жайт, негізі 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін ынтымақты еңбек өтілі саналатын. Ал 1998 жылдан кейін зейнетақы жүйесіне қатысы бар жарналарды аударған жылдар есепке алынады», – деп түсіндірді ол.

Тағы да оқыңыз:

Елімізде еңбек өтілі 30 жылдан асқандардың зейнетақысы екі есе артады

Жанжал: Зейнетақы қорындағы 15 миллиард теңге келмеске кетті

Алматы облысында полиция бір мезетте 40 үйді тонап кеткен ұрыларды іздемей қойды

 

 

Талқылау