Жанжал: Зейнетақы қорындағы 15 миллиард теңге келмеске кетті

Дүйсенбі, 7 Тамыз , 2017 21:48

Жұрттың кәрілікке деп жиған осынша қаржысы инвестицияланған 5 компания тақырға отырған, деп хабалайды КТК.

30daa2ed157cc2c2a9755bec799d1e3d
Бүгін қор басшылары банкротқа ұшыраған кәсіпорындардағы ақшаның кері қайтпайтынын ашық айтты. Тіпті бұдан бөлек тағы 25 миллиард теңгенің де тағдыры қыл үстінде тұр. Оны қайтаруға тиіс 16 дефолттық компанияны зейнетақы қоры сотқа берген. Ал Әзірбайжан банкіне аударылған 71 миллиард теңгеге қатысты екіжақты келісім алдағы айда аяқталмақшы.

“Талан-таражға түскен 5 миллиард, Әзірбайжан банкіне құйылған 71 миллиард, істі болып жатқан қор басшылары. Мұның бәрі тұрғындардың еліміздегі зейнетақы жүйесіне деген сеніміне селкеу түсіргені анық. Бірақ қор басшылары олай ойламайды”.

Бүгін жарты жылға қорытынды жасаған олар соңғы уақытта жұрттың жиі сұрақ қойып, бөлімшелерге келгіштеп кеткенін мойындады. Бірақ бұл сенімсіздік емес, қор жұмысына қызығушылықтан дейді мамандар. Әрі мекеменің басынан дау арылмай жатса да, жетістік жетерлік екен.

Мәселен, қазір қордағы ақша 7 триллион 140 миллиард теңгеге жеткен. Яғни жарты жылда 450 миллиардқа көбейіп отыр. Сәйкесінше, жаңадан ашылған жеке шоттардың да саны артқан. Бірақ қор басшылары жинақтың көбеюіне әр шотқа құйылатын қаржының орташа есебі себеп дейді. Былтыр бұл бұл көрсеткіш 9600 теңге болса, биыл 11600 теңгеге жеткен.

Ал, жарты жылдағы таза инвестициялық табыс 206 миллиард теңгеге жуықтапты. Бірақ проблемалық активтерге келгенде жағдай мәз болмай тұр. 21 дефолттық компания жұрттың айлығынан жырып беріп отырған ақшасын қорға қайтаруға асығар емес. Қазір бұл кәсіпорындар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 40 миллиард теңге қарыз. Оның 15 миллиардынан қор басшыларының өзі үміт үзген.

“5 эмитент банкрот болған. Енді олардан әрине ештеңе түспейді. Олардың жалпы берешегі 15 миллиард теңгедей. Банкрот болған компанияларды өзіңіз білесіз, олар заң бойынша жаңағы компанияның өзінде бар активтері сол жеткенінше төленеді. Қазір әлі бұл компаниялар аяғына дейін жабылған жоқ. Банкроттық процедура жүріп жатыр”, – дейді АҚ басқарма төрайымы «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» Нұрбибі Наурызбаева.

Ал қалған компаниялардағы миллиардтарды  сот арқылы қайтарып алмақ. Бұл проблемалық активтер жеке зейнетақы қорларынан мұра ретінде қалған. Тақырға отырған Әзірбайжан банкіндегі 71 миллиард та әзір қайтпайды. Бұл елдің билігі берешекті мойнына алғанымен, оны өтеу мерзімі 2032 жылға дейін созылмақ. Ал қарыздың құрылымын қайта қарау қыркүйекте аяқталады. Биыл зейнетақы қоры өз ішіндегі шығындарды да едәуір қысқартыпты.

“Қордың 2017 жылғы шығындары 12 миллиард теңгеге қысқартылды. Бұл 28 жарым пайыз. Мысалы еңбекақы төлеу шығындары қысқартылды. Олар 23 пайызға қысқартылды. Миллиард, 400 миллион теңгеге. Және де, мына іссапарға байланысты шығындар қысқартылып отыр 36 пайызға”, – дейді «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаева.

Мамырдан бастап зейнетақы қорының 300-дей қызметкері қысқартылған. Қазір елде оның 231 бөлімшесі бар. Алдағы уақытта саны тағы азайтылмақ.

Өйткені, енді жеке зейнетақы шотын үйден шықпай-ақ ашуға болады. Қор осы сияқты жаңа онлайн қызметтерді көптеп енгізіп жатыр. Әрі қазір барынша ашық болуға тырысуда. Тұрғындарды қор жұмысымен таныстыру үшін де түрлі жұмыстар атқарылып жатыр.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

8
Комментариев
  • Anonymous says:

    Сол миллиард ақшаны уй салатын компанияларға берсе гой, уйсіз журген әр салымшыға уй салып берер еды салған ақшасына қарай, 1-2-3-4 болмелі етіп. Халықтан қызғанып қызыл итке жем болды босқа. Ұятсыздар, қанаушылар өңщең !!!

  • Anonymous says:

    Бурынгы жеке меншик зейнетакы болганы дурыс еди, басеке бар жерде сапа мен сеним бар. Амал канша одан да айырылдык(((

  • Anonymous says:

    Олай болса енді аудармауға болады ғой босқа кез келгенге жем болғанша ертең медициналық сақтандырудыда солай істейді ғой

  • Anonymous says:

    Халыққа обал қалмақ тан бастап куу керек бұларды

  • Anonymous says:

    Зейнетақы қорымызды жоқ қылып жіберетін болса , ешкімге де сенбеу керек сияқты

  • Anonymous says:

    В новостях передавали, взятый Азербайджанским банком кредит должен быть возвращен в 2032году

  • Anonymous says:

    Осы акшаны алмайтыныма сенимдимин? Калай болганда да кара халыкты канау гой укиметке деген сеним жок, кашанда оз пайдасына шешетини анык.

  • Anonymous says:

    Бари мемлекеттік бақылап басқаруы әлсіз, соны бермейді тұрып неге ойла мәди, үйреншікті әдет солай болди деу ден аса алмаймыз, желге ушкан миллиардар,,,

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар