AAPL
140.82 $
-5.64 %
TSLA
709.81 $
-6.8 %
NDAQ
142.09 $
-4.5 %
GOOGL
2237.99 $
-3.93 %
FRHC
41.11 $
-5.52 %
AAPL
140.82 $
-5.64 %
TSLA
709.81 $
-6.8 %
NDAQ
142.09 $
-4.5 %
GOOGL
2237.99 $
-3.93 %
FRHC
41.11 $
-5.52 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зеленский Украинада ресейлік 9 мың әскеридің көзі жойылғанын айтты

Украина президенті Владимир Зеленский соғыс басталған бір апта уақыттың ішінде 9 мыңға жуық ресейлік әскери қызметкердің жойылғанын мәлімдеді. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Зеленский Ресей армиясының шығын санын атап, бір апта ішінде ресейлік әскерилердің жеке құрамының шығыны 9 мыңға жуық адамды құрағанын айтты.

"Біз басып кірушілердің бүкіл жоспарын күл-талқан еттік, олар бұған жылдар бойы дайындалды... Көбісі қаруларын тастай сала қайта үйлеріне қашып жатыр", – деді Украина президенті халыққа арнаған бейне үндеуінде.

Сөзін жалғай келе украин президенті Николаев бағытында өлген және жараланған әскерилерін алып кету үшін Ресей тарапына ондаған тікұшақ көмегінің қажет болатынын қосты.

"Бүкіл әскерлеріңді жинап, үйлеріңе тайып тұрыңдар. Өздеріңіздің өлгілеріңіз келмейтінін және әрі қарай өмір сүргілеріңіз келетінін басшыларыңызға жеткізіңіздер”, – деді Владимир Зеленский орыс әскерлеріне.

Ал Ресейдің қорғаныс министрлігінің мәліметі мүлдем бөлек. Олар украин жерінде 498 сарбаз қаза тауып, 1 597 сарбаз жарақат алғанын айтады.



Украинадағы жағдай

Еске салайық, Владимир Путин бұған дейін Донбасста арнайы операция өткізуге шешім қабылдағанын айтқан еді.

"Қалыптасқан жағдай бізден шұғыл әрі батыл шешім қабылдауды қажет етеді. Донбастағы халықтық республикалар Ресейден көмек сұрады. Осыған байланысты БҰҰ жарғысының 51-бабы 7-бөліміне сәйкес, Федерация кеңесі санкциясымен және Федералдық жиналыста ратификацияланған ДХР және ЛХР-мен жасалған достық пен өзара қолдау туралы келісімді орындау үшін мен арнайы әскери операция өткізу туралы шешім қабылдадым", – деген ол.

Сонымен қатар Ресей басшысы басты мақсат Украинаны оккупациялау емес екенін атап өткен.

Алайда 24 ақпан бейсенбінің таңертеңгі уақытынан бастап Укранинаның бірнеше қалаларында жарылыс болғаны хабарланған. Бұл қалалардың қатарында ел астанасы Киев те бар.

27 ақпан күні Украина делегациясы Беларусьтің Гомель облысында Ресеймен келіссөздер жүргізуге келіскені жазылған. Арнайы делегация Беларуське аттанған.

Сонымен қатар Ресейде төрт күннен бері Украинадағы соғысқа қарсы митингтер өтуде. 27 ақпанда Ресейдің 50 қаласында наразылық білдірген 2,5 мың адам ұсталған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр