Путинді трибуналға жіберуді сұрауда: 38 ел Ресейге қарсы халықаралық сотқа арыз түсірді
38 ел халықаралық қылмыстық сотқа Ресей президенті Владимир Путиннің басшылығымен жасалып отырған әскери шабуылға қарсы арыз түсірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Лиз Трасс Ресейдің жазықсыз тұрғындарға қарсы күш қолданғанын жеткізді.
“Путин бұл жантүршігерлік әрекеті үшін жазасыз қалмайды”, – деді Ұлыбритания прьемер министрі Борис Джонсон.
Бұған дейін 1 наурызда Гаагадағы Халықаралық қылмыстық соттың прокуроры Кәрім Хан Украинадағы ықтимал әскери қылмыстар мен адамзатқа қарсы қылмыстардың жағдайын тергеуді бастау туралы шешім қабылдағанын мәлімдеген болатын.
Өз кезегінде Украина 27 ақпанда Гаагадағы Халықаралық сотқа геноцид тұжырымдамасын бұрмалағаны үшін Ресейге қарсы шағым түсіріп, дереу соғыс қимылдарын тоқтатуға және келесі сот отырысын тағайындауға шақырды.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"