"Қазақстан АҚШ-қа қарсы санкция енгізеді": Желідегі ақпарат тұрғындар арасында қызу талқыға түсті
Әлеуметтік желі мен мессенджерлерде Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің АҚШ-қарсы санкция енгізетіні туралы ақпарат тарады. Министрдің мәліметінше, санкция туралы шешімге доллар бағамының өсуі себеп болған. Алайда министрліктің ресми сайтында мұндай ақпарат жоқ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz басылымына сілтеме жасап.

АҚШ-қа санкция енгізілетіні туралы ақпарат алғаш Qazinform.kz Instagram парақшасында жарияланған. Бірақ бұл парақша расталған мәліметтерді жарияламайды. Сонымен қатар аккаунт Қазақстан жайлы жалған ақпараттар мен сатиралық хабарламаларды таратады.
Қазақстанның АҚШ-қа санкция енгізетіні туралы министрліктің ресми сайтында да айтылмаған. Әрі өзге де ақпарат көздерінде мұндай мәлімет жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін желі қолданушылары Қазақстан әскерінің Украинаға жіберілетіні туралы ақпаратты қызу талқылаған еді. Алайда ресми пікір білдірген Қорғаныс министрлігі мұны жоққа шығарды.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен