AAPL
140.82 $
-5.64 %
TSLA
709.81 $
-6.8 %
NDAQ
142.09 $
-4.5 %
GOOGL
2237.99 $
-3.93 %
FRHC
41.11 $
-5.52 %
AAPL
140.82 $
-5.64 %
TSLA
709.81 $
-6.8 %
NDAQ
142.09 $
-4.5 %
GOOGL
2237.99 $
-3.93 %
FRHC
41.11 $
-5.52 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Есінен алжасқан диктаторды тоқтатуымыз қажет": Ресейде төрт күннен бері Украинадағы соғысқа қарсы митингтер өтуде

Ресейде соғысқа қарсы митингтер төртінші күні жалғасуда. “Север.Реалии” басылымының мәліметінше, жексенбі күні кешке елдің 50 қаласында 2,5 мыңнан астам адам ұсталған. Полиция Мәскеуде 1198-ден астам, Санкт-Петербургте 800-ден астам тұтқындаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сурет: severreal.org сайтынан

Қазіргі таңда Ресей астанасындағы уақытша тергеу изоляторлары адамдарға толып кеткен, ал Санкт-Петербургте автобус жетіспеушілігінен полиция тұтқындарды босатуға мәжбүр болған. 

Айта кетсек, ресейліктер Украинадағы соғысқа қарсы шерулерге 24 ақпаннан бастап шығуда. Әр күн сайын олар “Соғысқа жол жоқ” деген плакаттармен алаңға жиналуда. Дегенмен митингтер рұқсат етілмеген болғандықтан наразы тұрғындарды жаппай полиция ұстап әкетіп жатыр. 

Сурет: severreal.org сайтынан

“XXI ғасырда көрші елді бомбалап, басып алуға болмайды. Бұл есінен алжасқан, постимпериялық синдромға шалдыққан диктаторды тоқтатуымыз қажет", - деді пикетке келген азаматтардың бірі. 

БАҚ хабарлауынша, 27 ақпанда полиция шеруге шыққандарға қарсы ерекше қатыгездік көрсеткен. Тәртіп сақшылары бейбіт тұрғындарды ұрып, тіпті киімдерін жыртқан. Куәгерлердің сөзінше, құқық қорғау органдарының қызметкерлері алаңға жақындамастан дауыс шығарып, плакат аша бастаған әрбір адамды ұстап әкеткен. 

Сурет: severreal.org сайтынан

Төрт күн ішінде ұсталғандардың саны 5,5 мыңнан асып кеткен. 

Айта кетсек, Еуропаның қалаларында да Ресейдің озбырлығына қарсы митингтер өтуде. Адамдар жаппай жиналған митингтер Берлинде, Прагада, Парижде, Римде, Венада және басқа да қалаларда өткен. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр