Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зеленский Ресей және АҚШ-пен арада болатын келіссөздерге қатысатынын мәлімдеді

Ресей және АҚШ-пен келіссөзге келістіФото: Telegram Zelenskiy 

Украина президенті Зеленский Ресей және АҚШ-пен үшжақты келіссөзге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Владимир Зеленский 18 тамызда Вашингтонда Трамппен кездесу өтетінін хабарлады. Ол Дональд Трамппен болған әңгімесін "ұзақ әрі мазмұнды" деп атады. Алдымен олар жеке сөйлескен, кейін әңгімеге еуропалық көшбасшылар да қосылған. Сұхбат 1,5 сағаттан астам уақытқа созылған. 


"Украина үлкен держава емес": Трамп Аляскадағы келіссөзден кейін Зеленскийге кеңес берді


Трамп Путинмен Украина мәселесі бойынша келісімге келе алмағанын айтты


Трамп оған Путинмен өткен кездесу және талқыланған негізгі тақырыптар жөнінде мәлімет берген.

"Біз Украина - Америка - Ресей форматындағы үшжақты кездесуге қатысты президент Трамптың ұсынысын қолдаймыз", - деді Зеленский.

Айта кетейік, бұған дейін 15 тамызда Аляскадағы әскери базада АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің кездесуі өткен еді. Келіссөздер бірнеше сағатқа созылды. 

Жұмаділлә Нұрила
Сенбі, 16 Тамыз, 2025 13:46
Талқылау