Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жасыл энергия және радиациялық қауіпсіздік": Сенат бірқатар халықаралық келісімдерді мақұлдады

Фото: freepik.com

Сенаторлар энергетиканы дамытуға және қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған бірқатар халықаралық келісімдерді ратификациялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Олардың бірі Қазақстан, Әзірбайжан және Өзбекстан арасындағы "жасыл" энергия өндіру және жеткізу саласындағы стратегиялық әріптестікке қатысты. Құжат тұрақты ынтымақтастықты дамытып, электр энергиясын Еуропа нарығына экспорттауды көздейді.

Қазақстан халықаралық банктен 46,7 млрд теңге қарыз алады: Сенат келісімді ратификациялады

Қазақстан халықаралық банктен 46,7 млрд теңге қарыз алады: Сенат келісімді ратификациялады

Оқыңыз

Келісім аясында бірлескен энергетикалық жобаларды жүзеге асыру және үш елдің энергожүйелерін өзара байланыстыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар Каспий теңізінің түбімен суасты кабелін тарту көзделген.Эектр энергиясын жеткізудің жаңа бағыты құрылып, ол Қара теңіз энергетикалық дәлізімен байланыстырылады. 

Сенаторлар ТМД елдері арасында радиациялық ахуалды бақылау деректерімен алмасу туралы келісімді де ратификациялады. Бұл құжат уәкілетті органдардың жұмысын үйлестіруге және ақпарат алмасуды жеделдетуге бағытталған.

Келісім аясында деректер алмасудың бірыңғай тәртібі енгізіліп, радиациялық жағдай тұрақты бақылауға алынады. Ал төтенше жағдайлар кезінде жедел ақпарат беру қарастырылған.

Бұл келісімдерді ратификациялау энергетикалық экспортты дамытуға және өңірлік қауіпсіздікті нығайтуға құқықтық негіз қалайды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Қырғызстанның Ыстықкөл облысындағы жерлерін уақытша пайдалануды ратификациялағаны туралы жазған едік. 

Нұрила Жұмаділлә
Бейсенбі, 09 Сәуір, 2026 12:20