Beeline байланыс операторы абоненттерге арналған тарифтерді өзгертті: Бағаны өсіру қаншалықты заңды
Желіде Beeline операторының қолданушылары төлем бағасының артқанына наразылық білдірді. Олар өздерінің келісімінсіз тариф құнын қымбаттатқанын айтып, компания өкілдерінің жауап беруін талап етті. Жазба астында өзге адамдар да бұл пікірмен келісіп, сын-пікірлерін қалдырды. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әсел Жақұпбекова есімді желі қолданушысы жай ғана хабарлама жіберіп, тариф түрін ауыстырып сонымен қоса ақысын қымбаттатқан Beeline операторының бұл ісі өзін қанағаттандырмайтынын айтады. Сөзінше, қазіргі тарифке де келісімінсіз ауыстырып жіберген.
“Казіргі бар тарифті қалдыруларынызды талап етемін, сондағы бар шарттар (ГБ, басқа операторларға қосымша уақыт) маган жеткілікті”, – дейді Жақұпбекова.
Қолданушының желіге салған суретінен тариф бағасының 3590 теңгеден 4490 теңгеге қымбаттағанын көруге болады.
Өзге желі қолданушылары да автордың сөзін құптап, Beeline “білгенін істейтін болды” дейді. Тағы бір қолданушы өзіне смс-хабарлама келгеннен кейін тариф төлемінің 4700 теңгеден 5700 теңгеге қымбаттағанын жазған.
“Ескертпей неге ақшасын көтере бересіздер? Көтеріп қана қоймай, ескертпестен басқа тарифқа ауыстырып жіберген. Не деген бассыздық бұл?! Ақшаға құныққандар”, – дейді тағы бір қолданушы.
Жазба қалдырғандар бағаның қымбаттағанына қарамастан интернет жылдамдығының нашарлап кеткенін баса айтады.
Beeline операторының өкілі желідегі наразы халыққа жауап берді. Олар бағаның қымбаттауын мәжбүрлі шара деп атаған. Соңғы 5 жылда интернетті тұтыну көлемі 6 есе өскенін тілге тиек еткен оператордың ресми өкілі бұл – жүйеге түсетін жүктемені айтарлықтай арттыратынын атап өтеді.
- “Сақалды, намазхан азаматтар…” Қала тұрғыны мопед жүргізуге куәлік санатын жасаймыз деп жұртты алдайтын алаяқтардың схемасын ашты
- Алматыда өздерін заң қызметкері етіп таныстырып, адамдардан ақша талап еткен алаяқтар кімдер – Департамент өкілі түсіндірді
- Кабинетте 40 минуттай жалғыз қалдырып кеткен: Маман қаржы пирамидасына тарту кезінде көрсетілетін қысым туралы айтты
“Біз байланыс сапасын тиісті деңгейде қамтамасыз етуге тырысамыз. Сонымен қатар, валютаның инфляциясы (мысалы, электр қуаты тарифтерінің қымбаттауы) мен девальвациясына байланысты, шығындар да жыл сайын өсіп келеді. Баға өзгергенге дейінгі бұрынғы абоненттік төлемі бар тарифтер нарықтағы өзекті баламаларынан айтарлықтай арзан. Өзектілігі жойылған тарифтердің бағасын қайта қарау – желіні дамытуға көп қаржы салып, байланыс сапасын жылдам жақсартуымызға мүмкіндік береді”, – делінген ресми жауапта.
Ұялы байланыс пен интернет тарифтерін өзгеру – қалыпты тәжірибе екенін айтқан Beeline операторының өкілі оған заңмен рұқсат берілгенін жеткізген. Ол оператордың тек өзгеріс туралы ақпаратты клиентке 30 күн бұрын жіберуі тиіс екенін баса айтады.
Сонымен қоса ол наразылығын білдірген қолданушының тарифін қайтара алмайтынын, себебі оның шарттары автоматты түрде өзгеріп кеткенін түсіндірген.
Ресми өкілдің сөзіне қарсы жауап берген желі қолданушылары сапаның бағаның өсуіне сәйкес келмейтінін айтады.
“Бағаны көтергенде шығынды толдырады деген жаңсақ пікір. Қазір қандай арзан, қолайлы тарифтер бар? Сіздерде 3500 теңгеден кем емес. Бір клиент көтереді бұл бағаны біреуі көтере алмайды әсіресе мал бағып тауда жүргендер. Соны неге дұрыс ойламасқа. Бағаны көтеріпсіздер неге ауыл аймақта билайн байланысы бар, интернет жоқ”, – деп таңданады тағы бір қолданушы.

"Балам әкесінің дертін "мұра" етіп алды": Қазақстандық шизофрениямен ауыратынын 16 жыл бойы әйелінен жасырып келген
