Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Неліктен бір апта бойы емдемей, үйге жіберді": Алматы қаласының тұрғыны баласының өліміне дәрігерлерді кінәләйді

Заңғар небәрі 24 күн ғана өмір сүрді. Балада инфекция дамыды. Анасы Айнұр Мұхаметжанова перзентхана дәрігерлері ұлының өліміне кінәлі деп санайды. Оның айтуынша, олар инфекция туралы білді, бірақ сәбиді үйіне жіберді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "31 арнаға" сілтеме жасап.

Кішкентай Заңғардың қайтыс болғанына 4 күн болды. Оның анасы Айнұр Мұхамеджанованың сәбиінің туу туралы куәлігіне қарап, ұлының енді жоқ екеніне сенбейді, ол оның үшінші баласы еді.

"31 мамырда оның жүрегі тоқтап қалды, аурухананың дәрігерлері балада инфекция дамып жатқанын неге айтпағанын түсінбеймін. Құжатта инфекцияның болуы мүмкін деп жазған, бірақ неге олар маған жеке айтпады. Неліктен бір апта бойы емдемей, үйге жіберді. Олар үнемі бәрі жақсы екенін айтты", - дейді анасы.

Заңғар жүктіліктің сегізінші айында дүниеге келген, салмағы 1 келі 900 грамм болған, бірақ анықтамада 35 апта емес, 40 апта көрсетілген дейді әйел. Олар нәрестенің салмағы аз және құрсақішілік инфекцияның қаупін арттырады деп жазды. Бір аптадан кейін оларды үйге жіберді. Бала белсенді болды және өзін қалыпты сезінді, бірақ 23 мамырда оның жағдайы күрт нашарлады. Аурухананың дәрігерлері өз кінәларын жоққа шығарды.

"Босатылған күні және баланың өмірінің тоғызыншы күнінде жасалған тексеруде баланың жағдайы қанағаттанарлық болды. 17 күнде неше түрлі нәрсе болуы мүмкін", - дейді дәрігер Күлзия Омарханова.

Заңғардың жағдайы нашарлаған кезде Айнұр жедел жәрдем шақырып, баланы сол перзентханаға апарған, сол жерден баланы облыстық балалар клиникалық ауруханасына жіберді, бірақ олар баланың өмірін сақтап қала алмады

"Сәл ертерек әкелу керек еді. Біз қайдан білдік. Бірінші маусымда біз оны жерледік. Мұндай кішкентай, әдемі, тәп-тәтті баланы", - деп қанжылайды апасы.

Балалар клиникалық ауруханасында инфекцияның туған кезде болғанын және күн сайын дамығаны жайлы растады.

"Туа біткен цитомегаловирус инфекциясы және екі жақты пневмония диагнозы болды. Салынған  күш-жігерге қарамастан, нәресте қайтыс болды. Біз осындай диагнозы бар балаларды құтқарған кездеріміз болды, бірақ бұл жерде бала ауыр жағдайда келді", -  дейді Асқар Қалиев, Алматы облысының балалар клиникалық ауруханасының директорының орынбасары.

Заңғардың отбасы аурухананың дәрігерлерін жазалауды талап етеді. Олар денсаулық сақтау министрлігіне шағыммен жүгінді. Бұл жағдай жақында тексерілуі керек. Айнұр комиссиядан Заңғардың қайтыс болғаны туралы сұраққа жауап береді деп күтеді
 

 

Талқылау