Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зағип әнші Кенжебек Нұрдолдай шаңырақ көтерді

Жастар арасында танымал әнші Кенжебек Нұрдолдай үйленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Видеодан кадр

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбдан жас жұбайлардың бақытты сәтін байқауға болады. Видеода жастар Әмренің “Қыздар-ай” әніне билеп тұр. Жас әншінің тойында өнердегі әріптестері Әмре, Auka және Ғаділбек Жанай төбе көрсетті. 

Әншінің тыңдарманы мен желі қолданушылары Кенжебектен мұндай жаңалықты күтпеді. Дегенмен бейнежазба астына жас жұбайларды құттықтап, тілекші екенін жеткізді.

“Мәз өзі, бақытты болыңдар”, “Құрған шаңырақтарың биік, махаббаттарын мәңгілік, берік болсын”, “Керемет жаңалық, бақыт тілеймін”, “Бақытты болуға лайық жансың”, “Жарың адалынан болсын”, – деп жарыса жазды желідегілер.

Кенжебектің өзі бұл жаңалыққа қатысты ешқандай мәлімдеме жасамады.

 

 

Талқылау