Ұжымдық иммунитет қалыптасқан соң маска тақпауға бола ма?
Елімізде 10 миллион тұрғын вакцина салғызып, ұжымдық иммунитет қалыптасқан соң масканы шешуге бола ма? Бұл сұраққа денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
“Жалпы масканы шешу туралы шешім қарастырылып жатқан жоқ. Себебі азаматқа вакцина салынғанның өзінде ол вирус тасымалдаушысы бола алады. Қазір масканы шешетіндей жағдай қалыптасқан жоқ. Маска тағу режимі мен вакцинаның арқасында ғана біз осы індеттің бетін қайтара аламыз”, – дейді Шоранов.
- Бас санитар дәрігер "Eta" штаммының қауіптілігі туралы мәлімдеді
- Еліміздің бас санитар дәрігері COVID-19-ға байланысты шектеулердің қашан алынатынын айтты
Бұған қоса, ол ревакцинация кезінде басқа екпені таңдау мүмкіндігі жайлы айтты.
“Ревакцинация жайлы мәселе қарастырылуда. Әлем елдерінде әлі бірыңғай тәжірибе қалыптасқан жоқ. Ал қайта вакцина салу кезінде басқа екпені таңдауға болатын не болмайтынын біз ғалымдардың шешіміне сүйене отырып жариялаймыз”, – деп қосты министр орынбасары.
Еске салсақ, бұған дейін қайта вакцинациялау қандай жағдайда жүргізілетіні жайлы бас санитар дәрігер айтқан еді.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ