Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұзақ жыл отасқан ерлі-зайыптылардың ажырасуының басты себебі белгілі болды

Қарым-қатынас және отбасы құқығы саласының мамандары ерлі-зайыптылар қартайған шақта не себепті ажырасатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Metro басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Pixabay.com

Отбасы құқығы бойынша сарапшы Кэролайн Эллиотттың айтуынша, отбасы үнсіз құлдырай береді. Отасқандарына 20, 25, 30 немесе одан да көп жыл бірге тұрған ерлі-зайыпты қажып кетеді.

“Екеуі де опасыздыққа бармайды, бірақ бір-бірінен шаршайды. Кейде бұған “бос қалған ұя” синдромы да әсер етуі мүмкін. Балалар есейіп, жан-жаққа кетеді. Сол сәтте ерлі-зайыпты екеуіне ортақ ештеңе қалмағанын түсінеді", – дейді ол.

Психолог Миг Беннеттің айтуынша, ұзақ жыл отасқан ерлі-зайыптылар көбіне бір-бірінің қажетіне немқұрайлы қарағаннан, екеуіне ортақ дүние болмағандықтан ажырасып кетеді.

“Сондай жағдайға жетпеу үшін күйеуі мен әйелі аптасына бір рет кездесуге баруы керек. Жоспарлары мен басымдықтарын талқылағаны дұрыс. Ұзақ жылғы некенің сәтсіз аяқталуының басты себебі – бір-бірін тыңдамау, сөздеріңді елеусіз қалдырғандай сезімде болу, жақын қарым-қатынастың түкке тұрғысыз дүниеге айналуы”, – деп қорытындылады маман.

Бұған дейін Айнұр Тұрсынбаева 5 жыл отасқан күйеуі сылаған бағалы сыйлығын көрсеткен еді.

Талқылау