Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұтыс тігіп, ойын-сауыққа жұмсаған: БҚО-да мектеп есепшісі 22 млн теңге жымқырған

БҚО-да музыкалық мектептің есепшісі мекеме есебінен 22 млн теңге жымқырып, оны ойын-сауық пен құмар ойынға жұмсаған. Сот оны 7 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" порталына сілтеме жасап. 

Бұл туралы БҚО бойынша экономикалық тергеулер департаментінен хабарланды.

Теректі ауданы музыкалық мектебінің бас есепшісі Бердников қызметін пайдаланып, 2018-2020 жылдары аралығында директордың ЭЦҚ-сын пайдаланып, интернет-банкинг арқылы төлемдер аударып отырған. Ол өзінің жеке шоттарына негізсіз жалақы мен өзге төлемдерді аударып отырған. Осылайша мемлекетке 22 млн теңгеден аса шығын келтірген. Қолды болған ақшаны Бердников букмекер кеңселері мен ойын-сауыққа жұмсаған. 

Теректі аудандық соты Бердниковті Қылмыстық кодекстің 189-бабы (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша кінәлі деп таныды. 



Сот оған жеті жылға бас бостандығынан айыру және бес жыл бойы белгілі бір қызметпен айналысуына тыйым салу жазасын кесті. 


Талқылау