Ыстанбұлда түнгі клубта адамдарды қырып салған террорист қолға түсті
Ыстанбұлдағы Reina түнгі клубына жаңа жыл түні кіріп ойран салған террорист ұсталды.
Бұл туралы Daily Sabah хабарлайды.
Ұсталған Өзбекстан азаматы Абдулғадир Машарипов. Полицейлер күдіктіні Эсеньюрт ауданындағы арнайы операция кезінде ұстаған. Ол қырғыз досының үйіне жасырыныпты. Сондай-ақ, олармен бірге төрт жасар ұлы да болған. Операция кезінде Машарипов полицейлерге қарсылық көрсетуге тырысқан.
Машариповтен бөлек тағы төрт адам ұсталған. Олардың үшеуі әйелдер. Бұған дейін қамауға алынған оның әйелі күйеуінің терактіге қатысы бар екенін білген.
Түнгі клубтағы атыс кезінде ол 180 оқ жаудырған. Шабуыл жеті минуттай уақытқа созылған. Сосын ас үйде киімін ауыстырған терроршы бірден аттандаған жұртпен бірге клубтан кетіп қалады.
Төтенше оқиға салдарынан 39 адам қайты болды.
Оқи отырыңыз:
АҚШ-та Трампты ұлықтау рәсімі өтпей қалуы мүмкін
Әкесі ақша үшін кішкентай қызын жалаңаш суретке түсірген
АҚШ-та 7 жасар қызды бауыздап өлтірген 15 жастағы қыз бала тұтқындалды (фото)