Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та Трампты ұлықтау рәсімі өтпей қалуы мүмкін

АҚШ Конгресінің бірқатар мүшесі 20 қаңтар күні болатын сайланған президент Дональд Трампты ұлықтау рәсіміне байкот жариялауы мүмкін.

wpid-Donald-Trump-1

Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлайды.

Конгресс мүшелері Ресей АҚШ-тағы сайлауға араласып, кибершабуылдар ұйымдастырды деп есептейді. Ал Трамптың өзі болса әлі күнге бұл мәселеге қатысты нақты жауап бермей, екіұшты пайымдарын айтумен келеді.

Демократ-конгрессмен Джон Льюистің айтуынша, ол Трампты заңды президент деп есептемейді. Ол Ресей Хиллари Клинтонның сайлауда жеңіліс табуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаған.

Ал конгрессте демократиялық партия атынан отырған бірқатар мүшелер Трампты ұлықтау рәсіміне байкот жариялауға дайын екендіктерін айтып қалды.

Еске сала кетсек, Дональд Трамп қарсыласы Хиллари Клинтонды жеңіп, АҚШ-тың 45-президенті атанған еді. Атақты бизнесмен қазақстандықтарға Головкинге жанкүйерлік етуімен де жақсы таныс болған.

Оқи отырыңыз:

Егіздер әр жылы дүниеге келді

Әкесі ақша үшін кішкентай қызын жалаңаш суретке түсірген

АҚШ-та 7 жасар қызды бауыздап өлтірген 15 жастағы қыз бала тұтқындалды (фото)

Барак Обама президент ретінде елімен қоштасты (видео)

Талқылау