Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та 7 жасар қызды бауыздап өлтірген 15 жастағы қыз бала тұтқындалды (фото)

15 жастағы жасөспірім қыз 7 жасар жеткіншекті бауыздап өлтіргені үшін тұтқындалды. Бұл туралы Mirror басылымы жазды.

imgonline-com-ua-blurmnwoi137Svnn

Небәрі екі апта бұрын ғана Кэти өзінің ата-анасының тойында қыз жолдастың рөлін атқарған. Ал дүйсенбі күні мектептен қайтқаннан кейін бір сағаттан соң ол өмірімен қош айтысты.

Кэти Рофтың анасы Элисон: «Жоқ, жоқ, бұл менің кішкентай қызым, меніңше, әлгі қыз оны өлтірді», – деп айқайлаған кезде айналадағы адамдар түсінбей дал болған. Сөйтсе анасы өмірмен қош айтысқан қызын көріп қалған екен.

GMN_KATIE_ROUGH_05JPG

Оның әкесі Павел Роф солтүстік Йорк аймағындағы байлар тұратын Вудторп ауданына анасы Элисоннан кейін келді. Небәрі екі апта бұрын үйленген жас жұбайлар бір-бірлерін жұбатты.

Шабуыл Фоксвордтағы Рофтардың үйінің маңында болған.

Ал медицина қызметкерлері көз жұмған қызды тексеріп жатқан кезде перзентінен айырылған ана есінен айырыла жаздады. Ол балшықтың ортасында жатқан қызы жатқан аймақта әрі-бері жүрумен болды.

GMN_KATIE_ROUGH_06JPG

Оқиғаның кездейсоқ куәгерлері болған тұрғындар жедел жәрдем мен полиция шақыртқан. Ал Кэти ауруханаға жеткізілгеннен кейін өлі деп танылды.

Полицейлердің хабарлауынша, күдікті деп танылған 15 жастағы қыз қазір тұтқынға алынды.

Жіберіп алмаңыз:

Бойжеткен көшеден өзінен айнымайтын қызды кездестіріп таңғалды (фото)

Сингапурлік бай әйел 8 жылдан бері әуежайда өмір сүріп келе жатыр

Бүлдіршін қолтырауынмен бірге туған күнін атап өтті (фото)

Ер адам басымен 43 кокос жемісін жарды

Талқылау